12
2. Мысалды тыңда.
Шегіртке мен құмырсқа
(Мысал)
Шырылдауық
шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні
жапырақтың
Бірінде – тамақ, бірінде – үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз
болған соң, кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған,
қарны ашқан,
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп
келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
– Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
– Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш
шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
шырылдауық
шегіртке
еңбексүйгіш
құмырсқа
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217