Дивариантты тепе-теңдік – еркіндік дəрежесі екіге тең фазалық тепе-
теңдік. Дивариантты тепе-теңдіктің геометриялық бейнесі өріс болып
табылады.
Диффузия – басқа затпен толтырылған кеңістікке заттың өтуі.
Динамикалық тепе-теңдік – бірдей жылдамдықпен жүретін қарама-
қарсы бағыттағы процестердің тепе-теңдік күйі.
Диэлектрлік тұрақтылық – белгілі бір конденсатордың диэлектрлік
түрге ие болуына негізделген.
Заттың үштік нүктесі – қатты, сұйық, газ күйіндегі заттың барлық үш
фазасындағы қысым жəне температураның тепе-теңдікте болуы.
Ерігіштендіру (всаливание) – жүйедегі басқа компоненттердің
қатысында қандай да бір компоненттің ерігіштігінің ұлғаю құбылысы.
Ерігіштендірмеу (высаливание) – жүйедегі басқа компоненттердің
қатысында қандай да бір компоненттің ерігіштігінің азаю құбылысы.
Достарыңызбен бөлісу: |