Ерігіштік көбейтіндісі – қатты тұзбен ерітіндідегі оның ионы
арасындағы тепе-теңдік константасы. Ол нашар еритін тұздың ерігіштігінің
сандық көрсеткіші қызметін атқарады.
Еру жылуы – заттың бір молі ерігенде бөлінетін не сіңірілетін жылу
мөлшері.
Ерудің критикалық температурасы – бір-бірімен барлық қатынаста
араласатын екі сұйықтың ең төменгі температурасы, ал одан жоғары
температурада екі сұйық фазаға қабаттала бөлінеді (төменгі критикалық
температура) немесе екі сұйық фазаның тепе-теңдігі жүзеге асатын ең жоғары
температура (жоғары критикалық температура).
Достарыңызбен бөлісу: |