17
Сонымен бірге, машина тек қана бір затты жалжытып немесе
құралдарының көмегімен өңдеп, таза физикалық жұмыстарды ғана
атқарып қоймай, сараптауды, анықтауды, бағалауды және шешім
қабылдауды және т.б. да жүргізеді.
Машиналарға бұл қабілеттердің барлығын адамдар береді.
Машиналардың адамдардан айырмашылығы оларда ақыл-парасат жоқ,
сондықтан олар тек нұсқауда берілген тапсырмаларға сәйкес
қарапайым әрекеттерді ғана орындай алады. Егер адам үшін алгоритм
–
бұл әрекеттердің реттілігі болса, ал машина үшін – бұл мақсатқа жету
үшін анықтап, орындауды қажет ететін нұсқаулардың реттілігі.
Егер нұсқау бір мағыналы болса және оны әртүрлі түсіндіру мүмкін
болмаса ғана машина нұсқауды анық тани алады. Сондықтан да
машина үшін әрбір нұсқау ерекше жазылуы тиіс, яғни, машинаға
түсінікті тілде болуы керек.
Машинаға түсінікіті тілде жазылған алгоритм
бағдарлама деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: