15
Алдымен нан мен майды алу үшін нансалғыш пен тоңазытқышты
қарау керек. Сіз нанға майды тоңазытқыштың ішінде жақпайсыз, яғни,
азықтарды үстелге алып келесіз. Содан соң пышақты алып нан мен
майды бөлесіз. Сосын нанға майды жағып, дайын бутерброд аласыз.
Сіздің әрекеттеріңіздің реті:
1.
Нансалғышты ашу.
2.
Нанды алу.
3.
Нансалғышты жабу.
4.
Нанды үстелге қою.
5.
Тоңазытқышты ашу.
6.
Майды алу.
7.
Тоңазытқышты жабу.
8.
Майды үстелге қою.
9.
Пышақты алу.
10.
Нанды кесу.
11.
Кішкене майды бөліп алу.
12.
Нанға майды жағу.
13.
Пышақты орнына қою.
14.
Бутербродты жеу.
Бутербродты дайындау – сіздің мақсатыңыз. Оған қол жеткізу үшін
сіз белгілі бір реттегі бірнеше әрекетті жасайсыз. Сіз тоңазытқышты
ашпай майды ала алмайсыз, немесе нансалғышты ашпай нанды кесе
алмайсыз. Бір әрекетті жасамай көріңізші немесе орындау тәртібін
ауыстырып көріңіз – нәтижесінде сіз мақсатыңызға қол жеткізуді
күрделендіресіз немесе мүлдем бутербродсыз қаласыз.
Достарыңызбен бөлісу: