Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd



Pdf көрінісі
бет37/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Байланысты:
сет риза лы м ашбеков ба ыт СЫ ды басы А ондыруды пиялар

сында болады.
32)  Аллаға  мойын  ұсынатындарға  осылар  уәде 
етіледі.
33) Оны көзімен көрмей жүрегімен сезетіндерге, Жа-
рылқаушыдан қорқатындарға.
34) Оларға айтылады: «Жұмаққа аман-есен кіріңдер. 
Бұл – мәңгілік Күні!».
35) Онда олардың қалағандарының бәрі бар, Біз та-
рапынан  қосымша  (Алланың  бейнесін  көруге  мүмкіндік 
болады).
36)  Біз  олардан  орасан  мықты  қаншама  нәсілдерді 
жойып  жібердік!  Олар  да  жер  бетінде  кезіп  жүрген. 
Бірақ, олар қашып құтыла алды ма?
37) Ақиқатында, жүрегін тыңдай білетін, қабылдай 
алатындарға ескерту.
38) Біз көкті, жерді екеуінің арасындағыларды алты 
күнде жараттық, шаршамадық.
39) Олардың айтқандарына сабыр ет, таң алдында 
және күн батарда өзіңнің Жаратушыңды мақта, дәріп-
те.
40) Оны намаз оқығанда, түннің бір сағаттарында 
мадақта.
41) Тыңда! Сол күні айғайшы жақыннан айқайлайды, 
оның үніне құлақ түр.
42) Бұл күні олар ақиқаттың даусын естиді. Бұл – 
қабірден шығатын Күн.
43) Ақиқатында, Біз тірілтеміз де өлтіреміз де, бар-
лығы бізге қайтады. 


79
44) Бұл күні олар үшін жер қақ айырылып, олар қай-
туға асығады. Біз осылайша оларды оңай жинап аламыз.
45)  Біз  олардың  айтқандарын  жақсы  білеміз,  сен 
оларды  зорлама.  Менің  қаһарымнан  қорқатындарға 
Құран арқылы хабарла.
Смысловой  перевод  СВЯЩЕННОГО  КОРАНА  на 
русский язык. Первое издание. Р. 2009-Х. 1430. Перевод 
с арабского Кулиева Эльмира. Сура «Каф» стр. 675-679 
Сура  50.  Часть  26.  ГРАС  кувейт-халдйе  п.я.  17012  код 
72451. (Орысшадан аударған Әсет Мұқашбеков)
Дін  басшылары  қарапайым  адамдар  қатарынан  аса 
алмай,  болмыстың  терең  сырларын  рухани  тұрғыдан 
дәлелдеуге  шамалары  жетпей,  тек  қана  соқыр  сенімді 
талап  ете  бастаған  кезде  молдалар  істің  мәнісін  түсі-
не алмай халықтың ежелгі ғасырлар бойы қалыптасқан 
әдет-дәстүріне кедергі болып, аруақтарды жоққа шыға-
руға ұмтылады. Өздерінің рухани надандығын түсінбей 
аруақтарды жоққа шығарып, халықтың жоғары әлеммен 
байланысын  үзуге  бола  ма?  Әрине,  жоқ.  Себебі,  дінді 
тек күн көріс көзі ретінде пайдаланып жүрген халық ал-
дында беделден жұрдай дін басшылары Жаратушының 
құдіретімен бата беріп, ел-жұртты жаппай имандылыққа 
жетелейтін,  құдайды  мойындаттыратын  ата-баба  ару-
ақтарын,  керісінше  Алла  тағаланы  ұмыттырады  деп 
қорқады.      
 Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: 
«Мен Елбасы болсам да қазақ деген атасын ардақтап, 
анасын  сыйлаған,  аруағын  қастерлеп,  Алласына  сый-
ынған елдің перзентімін. Аруақтың бар екені рас болса, 


80
VI БӨЛІМ
Атырау мен Алтай, Алатаудың арқасында талай төбе 
дөңбекшіп,  талай  ісімізге  орнынан  аунап  түсіп,  бүгін-
гі  біздің  ісімізге  ақ  батасын  беріп  жатқан  болар  деп 
білемін.  Лайым  сал  бабалардың  батасы  қабыл  болсын 
дегім келеді. Біз екі жарым ғасырдан астам уақыт Ре-
сейдің  боданы  болып  келдік.  Сондықтан  мен  санадағы 
құлдық  психологияны  өзгерту  үшін,  ата-бабалар  ару-
ағына сыйындым. Солардың қасиетті рухын тірілттім. 
Бүкіл қазаққа сауын айтып, оларға ас беріп, тойларын 
өткіздік. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді ха-
лық. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін 
тауып,  басына  белгі  орнаттық.  Есімдері  ел  жадында 
жүрсін деп олардың аттарын, мектептерге, көшелерге, 
ауыл, село, аудандарға бердік. Ендеше сол аруақтар бізді 
қолдамады деп кім айта алады». 
Сіздерге  жан  мен  тән  туралы  түсінік  бердім.  Сонда 
тәнді қоршайтын бірінші эфир денесі, екінші сезім де-
несі, үшінші ақыл денесі, төртінші таным (интелект) де-
несі дедік. Адам қайтыс болды делік. Сонда ең бірінші 
тәннен бөлініп кететін оның жаны мен рухы.
 Содан кейін төрт нәзік дене – аурасы (қазақша оны 
ниет  дейміз)  кетеді.  Мәселен,  адамның  ұлтына,  дініне, 
құдайға  сенетініне,  сенбейтініне  қарамастан,  қайтыс 
болған адамды шығарып салу салты ұқсас. Жерлеу күні 
жаназасын  шығарады.  Сосын  кейбіреулер  үш  күндігін, 
жетісін,  тоғызын  береді.Міндетті  түрде  қырқын  және 
жылын береді. Неліктен? Себебі, адамның сыртқы нәзік 
денелері  біртіндеп  кетеді.  Мысалы  жақсы  адамның  ау-
расы бірден кетеді. Нашар адамдікі бір жылдың ішінде 
кетіп болады. 


81
Ең бірінші эфир денесі кетеді, жетісінде сезім денесі 
кетеді,  қырқында  ақыл  денесі,  жылында  таным  денесі 
кетеді. Олар жан мен рухқа қосылады да оны сыртынан 
қоршайды.  Мұны  біз  аруақ  дейміз.  Аруақта  дене  ғана 
жоқ қалғанының бәрі бар. 
Қысқаша  айтқанда  әлем  үшке  бөлінеді.  Біріншісі 
материалдық  әлем,  онда  бүкіл  жан  иелері  (өсімдіктер, 
жан-жануарлар, жәндіктер, пенделер) өмір сүреді. Уақы-
ты келгенде олар аруақтар әлеміне кетеді. Бұл айтылған 
екінші әлем. 
Үшіншісі  рухани  әлем.  Мұнда  өмір  сүретіндер 
періштелер,  пайғамбарлар,  әулиелер.  Әулие  дегеніміз 
кім?  Мәселен,  ауылда  қарапайым  ған  ата  мен  апа  өмір 
сүрді делік. Олардың ешкімде шаруасы жоқ бір құдай-
ға  ғана  сеніп,  дүние  де  қумастан,  өздерінің  қоңыр  тір-
шілігімен өмір кешеді. Олардың санасы жүректегі ғазиз 
жанмен үйлес болған кезде ондай адамдар әулие болып 
кетеді. Жан, рух, аура үшеуі қосылып, аруақ болады. Мен 
осының алдында аруақтар жайлы кітап жазғанмын. Қазір 
соны түсіндіріп өтуді жөн көрдім. 
Қазір  аруақтардың  сәлемін  жеткізетін  бақсы-бал-
герлер  көбейіп  кетті.  Меніңше,  олар  аруақпен  тілдесе 
алмайды. Олардың жүрегіне жын кіріп алып, сөйлейді. 
Оны  өзім  талай  байқып  жүрмін.  Мәселен,  қазақ  дала-
сында емхана, абақты деген болмаған. Бес уақыт намаз 
оқымаған қазақ «Құдай біледі» дегенді сеніммен айтқан. 
Қазақ халқы Алла жүрегінде екенін сезген. Бұны Ғазиз 
жан деп түсінген. Өзінің жанын шыбын жан деп атаған. 
Экологияны бұзбай, табиғатпен үндестікте өмір сүрген. 


82
VI БӨЛІМ
Күзеу, жайлау, қыстау жайлап, малды рет-ретімен бағып, 
жердің тозып кетпеуіне аса мән берген. Артық аң атпаған. 
Бай-қуатты боп өмір сүрген. Ру басына бағынған, ол өте 
иманды,  ел  жұртының  қамын  ойлаған  адам  болған.  Ел 
ішіндегі дау-дамайды билер әділ шешіп отырған. 
Атеизмді  санаға  сіңірген  Кеңес  одағы  адамдарды 
имансыз етті. Ленин азамат соғысында 22 миллион адам-
ды қырып тастады. Жазықсыз қан төккен ауыр қылмысы 
үшін жер оның тәнін әлі күнге өзіне қабылдамай жатыр. 
Күн көсем деп қолдан тірі пұт жасап алдық қой. Аруақтар 
қозғалысы дін ағамына қайшы келе ме? Жоқ, әрине. Бұл 
жерде ешқандай қайшылық жоқ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет