Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


Ауру – біздің санамызға тепе-теңдіктің



Pdf көрінісі
бет35/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
сет риза лы м ашбеков ба ыт СЫ ды басы А ондыруды пиялар

Ауру – біздің санамызға тепе-теңдіктің  
бұзылғаны жайлы хабар
«Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа».             
Шәкәрім әулие
Ауру  –  біздің  санамызға  теп-теңдіктің  бұзылғаны 
жайлы  хабар.  Осыны  тәндік  деңгейде  теңестіруге  тал-
пынады. Мысалы, сусамырмен (қант диабеті) ауырғанда 
инсулин егеді, жүрек ауырғанда гликозидтерді. Бірақта, 
бұның  бәрі  уақытша  жеңілдетеді.  Тамақты  теңестіру, 
жаттығумен шұғылдану, физиотерапия, аштық ұстау, ты-
ныс алу жаттығуларын жасау, суық суға шомылу жақсы 
көмектеседі. Бірақ, барлық ауруларға бірдей емес.
Нәзік  денелердің  тұңғиығында  тығылып  жатқан  ау-
рулар  бар.  Ол  біздің  ойымыз,  сезіміміз,  қылығымыз, 
тәртібіміз,  әлемге  көзқарасымыз.  Адамның  санасы  мен 
тәні өзіне ақпараттардың 1...5 пайызын ғана ұстап тұра 
алады.  Негізгі  ақпараттар  оның  Ғазиз  жанында.  Адам-
ның Ғазиз жанында оның ата-бабасынан тұқым қуалап, 
атадан  балаға  беріліп  келе  жатқан  барлық  бағдарлама-
лар жиынтығы бар. Ауру тек қана бір мүшені ғана емес, 
бүкіл  ағзаны  ойсырата  бастайды,  оның  қорғаныс  жүй-


73
есін (имунная система) , сонан соң тұқымына беріледі. 
Адамның  нәзік  денелеріне  ықпал  ететін  қондырғылар 
уақытша  жақсартқанымен,  оның  тәнінің  негізгі  қорын 
құртады.  Сауатсыз,  надан  экстрасеанс,  бақсы-балгер, 
емшілер, қазіргі психогенератор қондырғылары аспирин 
т.б.  сияқты  дәрілерден  де  қауіпті.  Қалыпты  медицина 
әзірше ауруды тұншықтыратын неше түрлі әдістерді ой-
лап  тауып,  бүкіл  адамзат  баласын  азапты  да,  біртіндеп 
өлетін ажалға жетелейді.
Адамның Ғазиз жанында өзінің ата-бабалары жайлы 
барлық ақпарат тылсымдалып құлыптаулы жатыр. (Код). 
Осы құрылым адамның болашағын жасайды. Көріпкел-
дердің бал ашып болашақты болжай алуы осымен түсін-
діріледі.  Балгер  картаны,  алақандағы  сызықтарды,  құ-
малақты т.б. өзіне тән құралдардың көмегімен адамның 
Ғазиз жанындағы ақпаратты сана деңгейіне алып келеді. 
Бұнда тұрған тылсым ештеңе жоқ. Біз осы ілімді терең 
білсек,  өз  тағдырымызды  өзіміз  жасаймыз.  Балгерлер, 
көріпкелдер тек Ғазиз жаныңдағы өзіңді ұстау тәртібіңді, 
ойлау  жүйеңдегі  жазылған  ақпаратты  ғана  оқи  алады. 
Ғазиз  жанда  адамның  өзін  ұстау  тәртібінің  және  бүкіл 
Әлемнің  ақпарат  құрылымы  сақталған.  Егер  де,  адам 
өзінің тәртібімен, ойлау жүйесімен бүкіл Әлемдік ағзаға 
қарама-қайшы келсе, онда үйлесімділік пен тепе-теңдік 
бұзылады.  Осының  салдары  адамның  тағдырына  әсер 
етіп, ауру туғызады. Көз алдыңызға елестетіңізші, егер 
бір  жасауша  ағзаның  заңдылығымен  өмір  сүрмесе, 
онда  ағза  үшін  ауру  жасаушаға  айланады,  ағза  осыны 
алғашында  емдеуге  талпынады,  егер  нәтиже  болмаса 
– құртады. Ауру – өзіңіздің Ғазиз жаныңыздағы: сіздің 


74
V БӨЛІМ
бір  тәртібіңіз,  белгілі  бір  ойыңыз,  сезім  құбылысыңыз, 
қылығыңыз  бүкіл  Әлемдік  заңмен  қарама-қайшылыққа 
түскенін хабарлайды, осының хабаршысы. Қандай бол-
масын аурудан жазылу үшін, ең алдымен өзіңнің ойлау 
жүйеңді,  тәртібіңді,  қылығыңды,  сезім  құбылысыңды 
бүкіл Әлемдік заңдармен үйлестіру шарт.
 Қазіргі қалыпты медицинада дәрігер бір мүшеге не-
месе  жүйеге  ғана  жауапты.  Екінші  шырылдаған  шын-
дық – медицинаны ақшаның, сауданың көзі дәрі-дәрмек-
терге тәуелді етіп, матап тастаған. Олар ана дәрі, мына 
дәрі жақсы деп, адамның ашып жүрген миын, онан әр-
ман  ашытады.  Түкке  тұрмайтын  дәрілерін  жаңғыртып 
жарнамалап,  науқас  сорлының  қалтасындағы  қалған 
тиін-тепшігін  қақшып  алады.  Өздері  түк  болмағандай 
безірейіп отыра береді.
Хирургтер  пышақтарын  жалаңдатып,  ақша  үшін: 
«Сенің ана мүшең, мына мүшең артық, балаңды ішіңді 
жарып  алмасақ  өздігіңнен  туа  алмайсың»,  –  деп  төн-
діріп,  сау  адамды  сойып  кембағал,  жас  келіншектерді 
қайта бала көтермейтін бедеу етеді. Бұл да ұлтымыздың 
басына төнген бір қатер! Науқасқа ешкімнің жаны ашы-
майды,  адам  туралы  қамқорлық  ұмытылған!  Көпшілік 
хирургтардың өз дәріханасы бар. Дәріні тек өзінің дері-
ханасынан ғана сатып алуға мәжбүрлейді. Бәрінің ойлай-
тыны  – ақша, ақша, ақша! Науқас мүлдем ұмытылған. 
Жаңадан  жасалған  дәрі-дәрмектермен    алдымен  хайуа-
наттарға сынақ жасалады. Сондықтан,  дәрінің салдары 
өте қатерлі, қауіпті. 
Бұлай деп қазіргі медицинаны мүлдем жоққа шыға-


75
руға да болмайды. Медицина ауруды жеңілдетеді, бұның 
өзі жақсы. Адамның жүрегі қысса, басынан жарақат алса, 
апатқа түссе т.б. шұғыл жағдайларда тез арада медици-
налық жедел жәрдем қажет. Біздің ата-бабаларымыз та-
биғатпен үйлесіп, тепе-теңдік қалыппен өмір сүріп, жа-
рық дүниеге: Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, 
Тоқсанбайларды әкелді емес пе?! Өкінішке орай, қазіргі 
таңда қамал алар қырықтан кейін белден айырылып, атқа 
айланған азаматтарымыз жыртылып айырылады.
Пенде  ауруды  өзі  тудырып,  сонан  соң  осыны  басқа 
біреу жазса екен дейді. Дәрі-дәрмектер әсер етпеген соң 
дәрігерді кінәлайды. Дәрігер әлі бірде-бір адамды емде-
ген емес. Ұлы адамдардың біреуі айтқан екен: «Табиғат 
емдейді,  ал  дәрігер  марапатталып  атақ  алады»,  –  деп. 
Мысалы, дәрігер-психотерапевт маскүнемдерді емдейді, 
ал өзі ішімдік ішеді. Дәрігердің өзі ауру – екінші ауруды 
емдеуге тырысады. Көз дәрігері көзәйнек тағады. Көпте-
ген  экстрасеанс  жүргізетіндер өздерін-өздері емдей ал-
майды. Бірдеңе дұрыс емес! Олардың қолданып жүрген 
әдістері нағыз емдік әсер етпейді, әйтпесе өздерін емдеп 
алмай ма?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет