1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Қазақстан Республикасы мен БҰҰ



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

1. Қазақстан Республикасы мен БҰҰ 
1992  жылы  2  наурызда  Қазақстанның  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүше 
болып  қабылдануы  республика  үшін  орасан  зор  маңызы  бар  оқиға  болды. 
Осыдан  кейін  елімізге  басқа  да  халықаралық ұйымдарға  мүше  болып  кіруге 
жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына - 
Халықаралық  Валюта  қорына,  Дүниежүзілік  қайта  құру  және  даму  банкіне, 
Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 
60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.  
БҰҰ-мен ынтымақтастық – біздің еліміздің сыртқы саясатындағы басым 
бағыттардың  бірі.  БҰҰ-ға  мүше  болған  168-ші  мемлекет  ретінде  Қазақстан 
Ұйымның жұмысына белсене қатысады. БҰҰ-ға толыққанды мүшелік біздің 
мемлекетімізге  осы  көпқырлы  ұйымның  алдыңғы  қатарлы  қорларымен, 
агенттіктерімен  және  бағдарламаларымен  тығыз  байланыста  болуға, 
халықаралық  өзара  әрекеттестіктің  бірқатар  салаларындағы  еліміздің 
жинақтаған  оң  тәжірибесін  енгізе  отырып,  ядролық  қару  таратпау, 
экономика,  денсаулық  сақтау,  білім,  экология,  әлеуметтік  қорғау 
салаларындағы  ұлттық  мүддемізді  жемісті  қорғап  қалуға  мүмкіндік  берді. 
2000-шы  жылдары  Қазақстан  БҰҰ-ның  негізгі  іс-шараларының  бәріне 
белсене  араласты.  2000  жылы  Мыңжылдықтың  даму  декларациясы  мен 
мақсаты  қа-былданған  «Мыңжылдық  Саммитіне»  қатысты.  Оның  қоры-
тындысы  бойынша  БҰҰ  реформаларының  негізгі  бағыттары  бекітілді.  Қа-
зақстан одан басқа да ірі конференциялардың ортасынан табылды. 
2002 жылдың қазан айында БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қа-
зақстанға  ресми  сапармен  келуі  ынтымақтастықтың  дамуындағы  маңызды 
қадам  болды.  БҰҰ  басшысының  Астанаға  миссиясы  Қазақстан  мен  БҰҰ 
арасындағы  онжылдық  ынтымақтастық  нәтижесін  нығайта  түсті,  сонымен 
бірге оның әрі қарай дамуындағы жаңа перспективаларды айқындады.  
БҰҰ  мүшесі  ретінде  Қазақстан  терроризммен  күресте  өзіне  бірқатар 
міндет  алды  және  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің  контртерроризм  комитетімен 
тығыз  қарым-қатынасты  жолға  қойды.  2003  жылдың  мамыр  айында  БҰҰ 
Қауіпсіздік  Кеңесі  Ирак  халқына  елді  қалпына  келтіруге  көмек  беру  туралы 
қарар  қабылдады.  Қазақстанның  бітімгершілік  миссиясы  2003  жылдың 


тамызында басталды. Қазақстандық офицерлер мен солдаттар бес жыл  бойы 
Ирак  аумағын  минадан  тазартумен,  жергілікті  курсанттарды  саперлік 
жұмысқа үйретумен айналысты, тұрғындарға медициналық жәрдем көрсетті.  
Қазақстанның  табыстары  мен  оның  БҰҰ  қызметіндегі  рөлін  мойын-
даудың  бір  көрінісі  2006  жылдың  қарашасында  еліміздің  БҰҰ-ның  негізгі 
органдарының  бірі  –  Экономикалық  және  әлеуметтік  кеңесіне  сайлануы 
болды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен бірінші болып БҰҰ 
Экономикалық  және  әлеуметтік  кеңесіне  (ЭКОСОС)  мүше  54  елдің  қатары-
на енді. 
Елбасы 
Н.Назарбаев 
2007 
жылдың 
қыркүйегінде 
БҰҰ 
Бас 
Ассамблеясының  62-сессиясына  қатысып,  халықаралық  өзекті  мәселелер 
бойынша  Қазақстанның  ұстанымын  анық  айтып,  жалпы  жарыссөздерде  сөз 
сөйледі.  Дәл  осы  уақытта  Елбасының  БҰҰ-ның  жаңа  Бас  хатшысы  Пан  Ги 
Мунмен кездесуі өтті. 
2009  жылдың  2  желтоқсанында  біздің  Қазақстанның  бастамасымен  БҰҰ 
Бас  Ассамблеясының  Семей  полигоны  жабылған  күнді  –  29  тамызды 
Ядролық  сынақтарға  қарсылық  күні  етіп  белгілеу  туралы  қарар  қабылдады. 
2010  жылдың  сәуір  айында  Қазақстанға  келген  БҰҰ  Бас  хатшысы  Пан  Ги 
Мун  ел  тұрғындарына  және  табиғатқа  үлкен  залалын  тигізген  Семей 
полигонын  жабу  Қазақстанға  бүкіл  әлемдегі  ядролық  қауіпті  азайту 
мәселесінде бастама көтеруге ерекше моральдық құқық бергенін атап өтті.  
Елбасы  2011  жылдың  қыркүйегінде  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  66-
сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік қоғамдастыққа Ядролық қарусыз әлем 
жалпы  декларациясын  әзірлеуді  ұсынды.  БҰҰ  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мун 
Қазақстанның  жаһандық  қауіпсіздіктің  нығаюына  қосқан  үлесін  мойындап, 
ядролық қарудан азат әлемге қол жет-кізу жөніндегі идеясын қолдады.  
Сөз  соңында  Елбасы  Қазақстанның  өз  кандидатурасын  2017-2018 
жылдарға  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің  тұрақты  емес  мүшелігіне  ұсынғанын 
жариялады.  Қазақстанның  2017–2018  жылдарға  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің 
тұрақты  емес  өкілі  болып  сайлануы  2016  жылы  28  маусымда  Нью-Йоркте, 
БҰҰ-ның  штаб-пәтерінде  өтті.  Қазақстанның  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің 
тұрақты  емес  өкілі  болып  сайлануы  –  біздің  тарихи  жетістігіміз.  2018 
жылдың  қаңтарында  Қазақстан  БҰҰ-ның  Қауіпсіздік  Кеңесінде  төрағалық 
жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет