1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


  Қазақстанның  Азиядағы  Өзара  Іс-қимыл  және  Сенім  Шаралары



Pdf көрінісі
бет60/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

3.  Қазақстанның  Азиядағы  Өзара  Іс-қимыл  және  Сенім  Шаралары 
Кеңесімен (АӨСШК ) байланысы 
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру 
туралы  идеяны  тұңғыш  рет  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Назарбаев  1992  жылғы  5  қазанда  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-ші 
сессиясы  барысында  ұсынды.  АӨСШК  атқаратын  қызметі  -  Азия  өңіріндегі 
қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын қалыптастыруға 
бастама  болды.  Форумды  шақырудың  қажеттілігі  аймақаралық  және 
жергілікті  шиеленістердің  дамуына  байланысты  дәстүрлі  емес  қауіптер  мен 
қатерлердің күшеюімен түсіндіріледі. 
1993  жылдан  1998  жылға  дейінгі  кезеңде  Азия  елдері  сыртқы  істер 
министрлері  сарапшыларының  кездесулері  өткізілді.  АӨСШК-нің  базалық 
құжаттарының  жобаларын  –  «АӨСШК  рәсімінің  ережелерін»,  «АӨСШК 
принциптерінің 
декларациясын», 
«АӨСШК 
құрылымдары 
мен 
институттарын» әзірлеу үшін Арнаулы жұмыс тобы құрылды. 
1999  жылы  қыркүйекте  АӨСШК-ге  мүше  мемлекеттердің  сыртқы  істер 
министрлерінің  Алматы  қаласында  өткен  1-кездесуі  және  оның  барысында 
АӨСШК-ге  мүше  мемлекттер  арасындағы  қатынастарды  реттейтін  принцип 
декларациясына қол қою, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көп 
жақты  тетігін  құру  жөніндегі  бастамасын  ұсынған  сәттен  бастап,  Қазақстан 
дипломатиясының  аса  ірі  жетістігіне  айналды.  Сөйтіп  тұңғыш  рет,  Азия 
құрлығында  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  нақты  іс-қимылдары,  шаралары 
мен тетіктері бар азиялық қауіпсіздік жүйесінің заң жүзінде негізі қаланды. 
2002  жылғы  3-5  маусымда  Алматы  қаласында  АӨСШК-нің  тұңғыш 
саммиті  өткізілді.  Оған  Азияның  16  мемлекеті  қатысты.  Олар:  Қазақстан, 
Ресей,  Қытай,  Түркия,  Пакистан,  Моңғолия,  Қырғызстан,  Тәжікстан, 
Ауғанстан  президенттері,  Үндістан  мен  Әзірбайжан  премьер-министрлері, 
Иран,  Египет,  Палестина,  Израильдің  уәкілетті  ресми  тұлғалары  және  БҰҰ, 
ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттер Лигасының бақылаушы-ұйымдарының басшылары 
қатысты. 
Саммит  барысында  Алматы  актісіне,  Ланкестікті  жою  және  өркениеттер 
арасындағы пікір алысуға жәрдемдесу туралы декларацияға қол қойылды. 
Алматы  саммитінің  маңыздылығы  мынады:  Оған  араларында 
территориялық мәселелер бойынша үнемі жанжалдасып келген Үндістан мен 
Пакистан,  Палестина  мен  Израиль  қатысты.  Сөйтіп,  АӨСШК  сол  кездің 
өзінде  өзінің  Азия  елдерінің  арасында  жанжалдарды  реттеудің  ымыралы 
жолдарын іздестіру мақсатында пікір алысу үшін ашық форум болу міндетін 
атқара алды. 


2004 жылы қазанда Алматы қаласында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің 
сыртқы істер министрлерінің 2-ші кездесуі өтті. Онда Таиланд Корольдігінің 
АӨСШК-ге 17-ші мүше мемлекет болып қабылдануы елеулі оқиға болды. 
АӨСШК  келіссөздері  отырыстарында  бұған  дейін  келісілмейтін 
қарсыластар  Азия  аймағында  тұрақтылық  пен  қауіпсіздік  саласындағы 
ынтымақтастықты  орнатуына  ниет  көрсете  отырып  келіссөздер  жүргізе 
бастады. 
2006  жылғы  17  маусымдағы  саммит  барысында  Алматы  мен  Астана 
қалаларында  штаб-пәтерлері  бар  Хатшылық  туралы  келісімге  қол  қоюуы 
АӨСШК-нің институттық тұрғыда нығайтуға қосылған елеулі үлес болды. 
2008  жылы  25  тамызда  Алматы  қаласында  АӨСШК-нің  сыртқы  істер 
министрлерінің  үшінші  отырысында  жұмыстың  қорытындысы  шығарылды. 
Жұмыс барысында АӨСШК-ге жаңадан мүше мемлекеттері болып Иордания 
мен Біріккен Араб Әмірлігі кірді.  
АӨСШК  IV  саммиті  2014  жылы  20–21  мамыр  аралығында  Шанхайда 
(ҚХР) өтті. Саммит жұмысына 47 мемлекет пен халықаралық ұйымдар және 
алғаш рет ББҰ Бас хатшысы қатысты. Кеңес төрағалығы Түркиядан Қытайға 
өтті. АӨСШК құрамына Катар мен Бангладеш қабылданды. 
2018  жылғы  24  қыркүйекте  Нью-Йорк  қаласында  БҰҰ  73-сессиясының 
алаңында  тәжік  тарапының  бастамасымен  Азия  Кеңесінің  алғашқы  Арнайы 
министрлік  кездесуі  өтіп,  оның  барысында  Қытай  Халық  Республикасы 
(2014-2018  жж.)  Тәжікстан  Республикасына  (2018-2020  жж.)  Форумдағы 
төрағалығын  тапсырды.  Кеңеске  мүше  мемлекеттер  Х.Мирзозоданың 
кандидатурасын, 2016 жылдан бастап Астана қаласында орналасқан АӨСШК 
Хатшылығының жаңа Атқарушы директоры лауазымына бекітті. 
Жаңа  қауіп-қатерлердің  пайда  болуы  және  ұжымдық  өзара  іс-
қимылдарды 
әзірлеу 
Кеңес 
аясындағы 
қажеттілігі 
қызметіндегі 
ілгерілеушілік  ҚР  Президенті  Н.Назарбаев  Азиялық  Кеңестің  4-ші  Шанхай 
саммиті барысында жариялаған АӨСШК негізінде Азиядағы қауіпсіздік және 
даму  жөніндегі  ұйымды  (АҚДҰ)  құру  тұралы  бастаманы  ұсынуға  себепші 
болды. 
Мұндай  трансформация  мүше  мемлекеттер  арасындағы  сенімді  нығайту 
мүмкіндігін  кеңейтуге,  сондай-ақ  олардың  халықаралық  аренаға  әсерін 
күшейтуге  және  осылайша  барлық  азиялық  кеңістікті  өзара  іс-қимыл 
жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді. 
Мұндай  ұйымды  құрудың  негізгі  міндеті  халықаралық  құқықтың 
нормалары  мен  қағидаттарына  сәйкес  бейбіт  құралдармен  қақтығыстардың 
алдын  алу  және  реттеу  үшін  тиімді  ұжымдық  шараларды  әзірлеу  және  іске 
асыру;  қазіргі  заманғы  қауіп-қатерлерге  және  қауіпсіздік  қатерлеріне  қарсы 
іс-қимыл жасау, сондай-ақ  континентте бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау 
мақсатында ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Азиядағы орнықты 
дамуды  қамтамасыз  ету  мақсатындағы  серіктестік  те  перспективалы  болып 
табылады. 


Осылайша, жаңа ұйымның қызметі өңірде тең құқықты ынтымақтастыққа 
негізделген қауіпсіздіктің жалпыға ортақ, бөлінбейтін, жан-жақты қамтылған 
архитектурасын құруға бағытталатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет