1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі



Pdf көрінісі
бет61/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

4. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.  
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы 
істер  министрлері  кеңесінің  жалпы  отырысында  Қазақстан  Ұйымның  2010 
жылғы  төрағасы  болып  сайланды.  2010  жылы  Қазақстанға  Еуропадағы 
қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымға  төрағалық  ету 
мүмкіндігін  берген  әлемнің  56  мемлекетінің  шешімі  -  еліміз  қол  жеткізген 
тағы  бір  ірі  жетістік.  Бұл  -  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  халықаралық  зор 
беделінің  ерен  табысы,  еліміздегі  үлан-ғайыр  оң  өзгерістердің,  біздегі 
демократияның  айшықты  нәтижесі.  Біздің  еліміз  халықаралық  мойындауда 
және  өзінің  дамуында  жаңа  сапалық  дәрежеге  көтерілді.  ЕҚЫҰ  -  дүние 
жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан 
-  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  ететін  бірінші  түркітілдес  ел  және  тарихи  тұрғыда 
өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші азиялық ел. 
ЕҚЫҰ-дағы  төрағалық  Қазақстан  үшін  кезеңдік  тарихи  оқиға  болды, 
біздің әлемдегі орнымызды күшейте түсті. Бұл ірі халықаралық табыс еді.  
2010  жылдың  тамызында  ЕҚЫҰ  бас  хатшысы  М.  Бришамбо  біздің 
еліміздің  жаһандық  қауіпсіздік  жүйесін  нығайтуға  қосқан  маңызды  үлесін 
бағалай  келіп:  «Кең  ойластырылған  саясатының  арқасында  Қазақстан 
әлемдік  қоғамдастықтың  жаңа  қадірлі  мүшесіне  айналды.  Қазақстанның 
бүгінгі жетістігі – үлгі етуге тұрарлық мысал», – деп атап өтті. Жаңа тәуелсіз 
мемлекет  қолы  жеткен  табысты  қанағат  тұтып  отырып  қалған  жоқ.  Елбасы 
Н.Ә. Назарбаев барлық жағдайды кең таразылай келіп, мен  ЕҚЫҰ саммитін 
Астанада  өткізуді  ұсынды.  Бұған  дейін  мұндай  жиын  он  бір  жыл  бойы  өт-
кізілмеген  еді.  Көптеген  елдер  бастапқыда  Қазақстанның  ұсынысын 
қабылдаған  жоқ.  2010  жылдың  ортасына  қарай  таразы  басы  Қазақстан 
жағына қарай бұрыла бастады. 2010 жылы 3 тамызда ЕҚЫҰ СІМ басшылары 
кеңесі Қазақстанда Саммит өткізу жөніндегі ортақ шешім қабылдады.  
2010  жылдың  1-2  желтоқсанында  Астана  ЕҚЫҰ  саммитін  салтанатты 
түрде  қарсы  алды.  Елбасы  Астана  саммитінде  сөйлеген  сөзінде  Астанада 
еуроатлантикалық  және  еуразиялық  бірыңғай  және  бөлінбейтін  қауіпсіздік 
қоғамдастығын қалыптастыруға жол ашылғанын мәлімдеді және мүлде жаңа 
міндет  –  Еуразиялық  қауіпсіздік  туралы  шартты  дайындау  міндетін  алға 
қойды. 
Қазақстанның табандылығының арқасында ЕҚЫҰ саммитінің Астана де-
кларациясына,  осы  көпқырлы  ұйым  тарихында  бірінші  рет,  «еуразиялық 
қауіпсіздік»  деп  аталатын  жинақы  ұғым  енгізілді.  Ол  ЕҚЫҰ  үшін  де,  бар 
әлем үшін де перспективалы жаңалыққа айналды.  
Екінші желтоқсаннан үшінші желтоқсанға қараған түнгі қорытынды бас-
пасөз мәслихатында Берлин дуалының құлатылуын еске ала отырып, Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаев:  «Астанада  тозығы  жеткен  басқа  бір  дуалды  –  Еуропа  мен 
Азияны  бөліп  тұрған  дуалды  бөлшектеу  процесі  басталды»,  –  деген  ойды 
айтты.  


Саммитте  Италия  премьер-министрі  С.  Берлусконидің  «Астана  рухы»  – 
«төзімділік пен өзара сыйластықтың», «түрлі ұлт пен дін өкілдері бейбітшілік 
пен келісімде өмір сүріп жатқан» елдің рухы», – деп атап өтті.  
1975  жылғы  Хельсинки  саммиті  Еуропалық  қауіпсіздік  қоғамдастығына 
жол  ашса,  2010  жылғы  Астана  саммиті  бірінші  қадамын  одан  да  ұзағырақ  – 
Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығына қарай жасады. 
ЕҚЫҰ  саммиті  үлкен  дүмпу  тудырды.  Барлық  қатысушы  елдердің  және 
әріптестердің,  сондай-ақ  алдыңғы  қатарлы  халықаралық  ұйымдардың  73 
ресми  делегациясын  жинаған  Астана  саммиті  осы  бір  ірі  халықаралық 
қауіпсіздік  құрылымындағы  өзгерістер  туралы  диалогқа  дайын  екенін 
көрсетті.  Қазақстан  БҰҰ,  Ядролық  сынақтарға  ортақ  тыйым  салу  шар-ты 
ұйымы,  НАТО,  Еуроодақ,  Еуропа  кеңесі,  ШЫҰ,  ТМД,  ҰҚШҰ,  ИКҰ  және 
басқа  да  беделді  жаһандық  және  өңірлік  құрылымдардың  өкілдері  кеңесін 
өткізу  арқылы  елдер  арасындағы  диалогтерді  кеңейтіп,  ЕҚЫҰ  процесіне 
инновация  енгізді.  Нәтижесінде  ЕҚЫҰ-ның  саяси  сөздік  қорына 
еуроатлантикалық  және  еуразиялық  қауіпсіздіктің  ортақ  және  бөлінбейтін 
кеңістігідеген ұғым толықтай енді. 
2010 жылы 1-2 желтоқстанда еліміздің жүрегі - Астана қаласында он бір 
жылғы  үзілістен  кейін  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымының VІІ Саммиті болып өтті. Саммит қарсаңында және оның аясында 
елорда  ЕҚЫҰ-ның  Шолу  конференциясы  ұйымдастырылып,  онда  560 
үкіметтік  емес  ұйымдар  бас  қосты,  соның  160-сы  шетелдік  ұйымдар.  Ал 
Саммиттің  өзіне  ұйымға  қатысушы  елдер  мен  әріптес  елдерден  және  БҰҰ, 
Еуропалық  Кеңес,  ЕуроАзЭҚ,  ШЫҰ,  ҰҚШҰ  сияқты  аса  ірі  халықаралық 
және  өңірлік  ұйымдардың  73  ресми  делегациясы  қатысты.  Қатысушы 
қонақтар  саны  бес  мыңға  жуық  адам  болды.  Саммиттің  барысын  1300-ге 
жуық қазақстандық және шетелдік журналистер жария етіп отырды. 
Бұл  беделді  Ұйымның  Орталық  Азияда  өткізген  тұңғыш  форумы  еді. 
Онда  өңір  үшін  өте  өткір  мәселелер,  соның  ішінде  трансұлттық  қатерлер, 
атап  айтқанда  лаңкестік  пен  адам  саудасы,  сондай-ақ  Қырғызстандағы 
оқиғалар және Ауғанстандағы жағдайлар т.б. мәселелер талқыланды. 
Астанадағы  Саммит  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымының  жұмысына  жаңа  серпін  бере  алды.  Қазақстан  бірін-бірі  жылдар 
бойы  көрмей  келген  ел  басшыларының  басын  қосып,  мәмілеге  келтірді. 
Қазақстанның  төрағалығы  Ұйымның  тарихы  үшін  ғана  емес,  бүкіл 
халықаралық  қатынастар  жүйесі  үшін  ерекше  із  қалдырған  оқиға  болды. 
«Еуропалық  қауіпсіздік»  түсінігі  кеңейтілді.  Бүгінде  «ескі  Еуропадан» 
Орталық  Азия  мен  Оңтүстік  Кавказды  ажыратпай  еуразиялық  қауіпсіздік 
кеңістігі туралы айту қажеттігі туындады. 
Саммит  Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығының  шыңы  болды.  Осы 
халықаралық ұйымның басшылығындағы іс-қимыл бағдарламасы толық іске 
асты. Қазақстан тәуелсіздігінің сыртқы саяси негіздері нығайтылды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет