Ключевые слова: цифровой образовательный ресурс, система электронного обучения, электронный учебник, инфор-
мационные технологии.
Қ
азақстан Республикасында білім беруді дамы-
тудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру
үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымда-
рында электрондық оқыту жүйесін (бұдан әрі — ЭОЖ)
қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен тех-
нологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылып
тұр. [1]
Елімізде ақпараттық технологиялар мемлекеттік
басқару саласында ширек ғасырдан бері табыспен қолда-
нылып келеді. Қазіргі таңда мемлекет ұсынатын қызмет-
тердің көпшілігі электрондық тәсілмен көрсетіледі. Бұл
орайда шалғай өңірлерге де тарала бастаған электронды
үкімет — e-gov желісінің рөлін атап өту керек. «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» атты биылғы Елбасы Жолдауы мен «Ру-
хани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес цифрлық ресур-
старды ұлғайтуда үстіміздегі жылы білім берудің ақпа-
раттық жүйелерін мемлекеттік органдар желісімен
біріктіру қолға алынып жатыр.
Білім және ғылым мемлекетіміздің әлеуметтік-эконо-
микалық күш-қуаты өркендеуінің негізгі қозғаушы күші
болып табылады. Білім саласын дамыту инновацияны ен-
діруге септігін тигізіп, жастарды қазіргі еңбек нарығында
бәсекеге қабілетті болуға қажетті керекті білімдер мен дағ-
дылармен қамтамасыз етеді. Ernst&Young халықаралық
компаниясының зерттеу мәліметі бойынша мемлекеттің
білім мен экономикасының арасында тікелей байланыс
байқалады. Мәселен, бастауыш білім берумен қамтылуды
1 пайызға арттыру мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 0,35
пайызға көтереді. Жоғарғы сыныптарды оқыту мерзімін
бір жылға көбейту мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 0,44
пайызға арттырады. Ұзақтығы 10 жылға созылатын білім
берудің стартегиялық бағдарламаларын іске асыру мемле-
кеттің ішкі жалпы өнімін 5 пайызға көбейтеді. Бұл ретте
орташа баллдан 5 балл жоғары алған мемлекет еңбек
өнімділігін 2,5 пайызға және жалпы ішкі өнімді адам ба-
сына шаққанда 1,5 пайызға арттыра алады. [2]
Достарыңызбен бөлісу: |