талаптар да қарастырылады. Сондай-ақ, стандартта
ЦБР-ға қойылатын техникалық талаптар, декларация
құрылымы мен ресурстың сипаттамасы және де ресур-
стардың рұқсат етілген форматтары да берілген. [4]
Оқу үдерісінде ЦБР тиімді пайдалану үшін, алдымен
ЦБР топтамасымен танысып, ондағы қажетті ресурсты
таңдай білген жөн. Біздің елімізде ең ауқымды ЦБР топ-
тамасы Ақпараттандырудың Ұлттық орталығының www.
nci.kz сайтында орналасқан.
ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер —
мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу; сабақ
барысындағы көмек; оқушыларға үй тапсырмасын орын-
дауда көмектесу.
Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу:
—
жекеленген сандық объектілерден сабақты құра-
стыру және моделдеу;
—
пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша
және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы;
—
ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру;
—
бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау;
—
шығармашылық тапсырмаларды даярлау;
—
цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспар-
ларын даярлау;
—
Интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің
нәтижелерімен алмасу.
Сабақ барысындағы көмек:
—
мультмедиялық проектор арқылы даярланған циф-
рлық объектілерді демонстрациялау;
—
лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабора-
ториялар мен интерактивті моделдерді қолдану;
—
оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін
бақалауқа кқмектесу;
|