Бағдарламасы (syllabus) мазмұнында кеңістіктегі фигуралар, оларды шешу әдістері мен кеңістіктік есептерді және фигураларды жазықтықта салудың негіздері қарастырылады. Жоғарғы оқу орындарының «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



Pdf көрінісі
бет29/61
Дата25.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#24311
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Байланысты:
Начертательная геометрия и инженерная графика

 

Негізгі көріністер.  

Мемлекеттік  стандарт  МЕСТ  2.305-68  (СТ  СЭВ  363-76) 

жоғарыда  айтылғандай  алты  негізгі  көріністі  белгілейді  (167-

сурет). 



 

34 


 

Заттың  фронталь  проекциялық  жазықтығында  сызылатын 

кескінін алдыңғы көрініс деп атайды. 

Бұл  көрініс  сызбада  басты  көрініс  ретінде  қабылданады, 

сондықтан  оны  басты  көрініс  (1)  деп  атайды.  Басты  көріністі 

таңдағанда,  жоғарыда  атап  өткендей,  нәрсенің  өлшемдері  мен 

пішіні туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беріп қана қоймай, 

сонымен 


бірге 

сызбада 


басқа 

көріністердің 

ұтымды 

орналастырылуы қамтамасыз етілуге тиіс екені ескерілуі керек. 

Горизонталь  проекция  жазықтығындағы  кескінді  үстіңгі 

көрініс (2) деп атайды. Нәрсенің үстінен қарағанда жазықтықтағы 

кескін  бейнеленеді.  Бұл  көрініс  басты  көрініспен  өзара 

байланыста орналасады. 

Профиль  проекция  жазықтығындағы  кескін  сол  жақ  көрініс 

(3)  деп  аталады.  Бөлшектің  сол  жағынан  көретін  көрініс  – 

кескіндегі басты көріністің оң жағына орналасады (167-сурет). 

 

 



 

9.3 сурет. Көріністердің өзара орналасуы 

 

Басқа  көріністер,  бөлшектің  оң  жағынан  көретін  көрініс  – 



кескіндегі  басты  көріністің  сол  жағына  (4)  орналасады,  астыңғы 

көрініс – бөлшектің астынан қарағанда көрінетін кескін (5) басты 

көріністің үстіне орналасады; артқы көрініс – бөлшектің артынан 

қарағандағы  көрініс,  бұл  көріністі  (6)  сол  жақ  көріністің  оң 

жағына немесе оң жақ көріністің тұсына орналастыруға болады. 

Сызбада бөлшектің басты көрінісін салар кезде, оның барлық 

элементтерінің  геометриялық 

формасы 


мен 

өлшемдерін 

анықтаумен  бірге,  басқа  көріністерінің  де  дұрыс,  тиімді 

орналасуын қамтамасыз етуі қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет