Қимадағы штрихтау.
Практика түрінде әртүрлі материалдардан жасалған
нәрселердің қималарын орындауға тура келеді (9.7-сурет).
Олардың әрқайсысы үшін стандартта штрихтаудың белгілі бір
түрі тағайындалады. Көбінесе бізге металды қимада графиктік
әдіспен белгілеу үшін шартты штрихтаудың қолданылуы жиі
кездесетін болады. Мұндай штрихтауды жіңішке түзу параллель
сызықтармен
орындайды.
Штрихтау
сызықтарын
сызба
рамкасына 45 градус бұрыш жасай жүргізеді. Металды белгілеуге
арналған штрихтау сызықтарының арақашықтығы 1-10 мм
шегінде болады (9.7-сурет, а, б).
9.7 сурет. Қимадағы штрихтау
Штрихтау сызықтарын сызбада солға немесе оңға қарай
көлбей жүргізуге болады, бірақ бір детальдің барлық тіліктерінде
және қималарында міндетті түрде тек бір бағытпен жүргізу керек.
Ол сызықтар контурлық немесе осьтік сызықтармен бағыттас
болса, онда оларды сол сызықтарға 60° немесе 30° еңісте
орындайды.
Егер қима нәрсенің қалыңдығы 2 мм-ге тең немесе кіші
болса, оны штрихтаудың орнына тұтас бояйды. Тіліктер мен
қималарда өзара қосылған детальдарды ажырату үшін әртүрлі
бағытта штрихталуы тиіс көлбеулікпен жүргізеді.
Əдебиет: [1; 2; 3; 4]
Достарыңызбен бөлісу: |