38
10 Дәріс
Тақырыбы:
Аксонометриялық
проекциялар.
Тікбұрышты изометрия. Тікбұрышты диметрия
Аксонометриялық проекциялар көрнекі кескіндер қатарына
жатады. Бұл көрнекі кескін параллель проекциялау әдісінің
көмегімен тұрғызылады.
Аксонометриялық проекциялардың тамаша қасиеті -
үшөлшемдегі кескінді екі өлшемге, яғни сызбаға айналдырады.
Аксонометрия ежелгі гректің «оське өлшеу» деген сөзінен
шыққан.
Сонымен, кез келген кеңістікте орналасқан нәрсенің
аксонометриялық проекциясын салу үшін, бірінші қосымша бір
(П
1
) жазықтығына тікбұрышты декарттық осьтер жүйесімен
кескіндеп, екінші осы кескінді параллель проекциялау әдісінің
көмегімен аксонометриялық проекция (П
/
) жазықтығына
кескіндейді.
Аксонометриялық
проекцияларға
қойылатын
негізгі
талаптардың бірі - нәрсенің кескінін салу оңай болып, мейлінше
аз бұрмалануы. Осы талаптарды қанағаттандыру мақсатында
халықаралық стандарттар ұйымы бес түрлі аксонометриялық
проекция түрін тағайындаған. Бұл стандарт аксонометриялардың
атаулары: тікбұрышты изометрия; тікбұрышты диметрия;
қиғашбұрышты фронталь изометрия; қиғашбұрышты фронталь
диметрия және қиғашбұрышты горизонталь изометрия.
Достарыңызбен бөлісу: