Сызба өлшемдерді түсіру.
Сызбада берілген нәрсені сызбасына қарап жасау үшін
арнайы өлшемдері болу қажет. Ал, өлшемдерді дұрыс қоюға
арналған оларды түсіру ережелері мемлекеттік стандартта
белгіленген.
Сызбада берілген сызбаның өлшемдерін қою үшін, алдымен
сызбаның контурына шығару сызықтарын сызамыз. Шығару
сызығы нұсқамадан стандарт бойынша 1.5 мм шығып тұруы
керек, дегенмен бұл ұзындық 2.3 мм болғаны дұрыс. Осы шығару
сызықтарына перпендикуляр болатын өлшем сызығын сызамыз.
Нәрсенің күрделілігіне байланысты өлшем сызықтырының бір
немесе бірнеше параллель сызықтары болады. Стандарт бойынша
өлшем сызықтарының аралары 6.10 мм болуға тиіс (6-сурет).
Алайда бірінші өлшем сызығын контурдан 10 мм, ал келесі
өлшем сызықтарын осы сызықтан 8 мм арақашықтықта сызған
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |