Шеңберді тең бөліктерге бөлу.
Шеңберді тең үш бөлікке бөлу. Радиусі R болатын
шеңберді тең үш бөлікке бөлу үшін, алдымен шеңбердің ось
сызықтары қиып өткен А, В, С және D нүктелерін белгілеп алып,
осы нүктелердің біреуінен радиусі R болатын доға жүргіземіз
(2.1-сурет). Ол үшін, циркульдің инесі бар ұшын А нүктесіне
қойып, радиусі R болатын доға жүргіземіз. Доға шеңберді К және
М нүктелерінде қиып өтеді. Осы нүктелер мен С нүктесін өзара
қосатын болсақ, онда біз теңбүйірлі үшбұрыш салған болар едік,
яғни бұл теңбүйірлі үшбұрыш радиусі R болатын шеңберді тең
үш бөлікке бөледі (2.1-сурет). Суретте теңбүйірлі үшбұрыш
қызыл сызықпен көрсетілген. Бұрыштардың бұрыштық шамасы
60° градус болады.
13
2.1 сурет.
Шеңберді тең үш бөлікке бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |