Екі тікбұрышты проекция жазықтарының жүйесі
(ширектер).
Тікбұрышты параллель проекциялау әдісін пайдалана
отырып, үшөлшемді кеңістікті проекция жазықтықтарын төрт
және сегіз бөлікке бөлу жолын салып көрсетелік. Ол үшін
алдымен проекция жазықтықтарын анықтайық.
Алғашқы проекция жазықтығы ретінде жер бетіне параллель
орналасқан жазықтықты алайық (3.3-сурет). Бұл жазықтықты П
1
әрпімен белгілеп, оны көлденең (горизонталь) проекция
жазықтығы деп атаймыз. 3.3-суретте бұл проекция жазықтығы
сары түсті бояумен ерекше көрсетілген. Енді осы проекция
жазықтығына тікше (перпендикуляр) орналасқан екінші проекция
жазықтығын алайық. Бұл проекция жазықтығын қарама-қарсы
(фронталь) проекция жазықтығы деп, оны П
2
әрпімен белгілейміз.
Суретте бұл проекция жазықтығы көк түспен боялған. Осы өзара
тікше (перпендикуляр) орналасқан екі проекция жазықтықтары
бір түзудің бойында қиылысады. Бұл қиылысу сызығын абсцисса
осі деп, латынның х әрпімен белгілейміз. Осьтің оң жағы
абсцисса осінің басы болып саналады, сондықтан оны латынның
О әрпімен белгілейміз. Суретте көрсетілгендей П
1
жазықтығының
алдыңғы жағы оң таңбалы ордината осі деп, оны латынның у
әрпімен белгілейміз. Ал қарамақарсы П
2
жазықтығының жоғарғы
жағы оң таңбалы аппликата осі болады. Оны латынның z әрпімен
белгілейміз.
Сонымен
осы
өзара
тікше
орналасқан
проекция
жазықтықтары біздің үшөлшемді кеңістігімізді төрт бөлікке
бөледі. Бұл бөліктерді ширектер деп атайды. 3.3-суретте бұл
ширектер рим сандарымен белгіленген.
17
3.3 сурет.
Ширектер
Əдебиет: [1; 2; 3; 5]
Достарыңызбен бөлісу: |