3.Мәтін мазмұнымен танысыңыз. Берілген құрылымдар бойынша өз пікіріңізді дәлелдеңіз. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқабилер
институты енгізілгелі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз
етудегі демократиялық жаңа бағыт пайда болды. Алқабилер қатысатын сот процесінде
қылмыстық іс жүргізу заңының «тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы»
принципі жаңарып неғұрлым сапалы деңгейде қолданыла бастады. Тараптар дәлелдемелерді
ұсынуға және зерттеуге, өз ұстанымдарын қолдауға анағұрлым жауапты қарайтын болды.
Қазіргі уақытта алқабилер сотына берілген баға біркелкі емес. Бұл институттың
жетілмегендігі жөнінде қоғамда түрлі пікір айтылуда. Бастысы – алқабилер кәсіби заңгер
емес. Шешім қабылдаған кезде олар «Жақсылық» пен «Зұлымдық», «Ар-ұят» пен «Әділдік»
категорияларын басшылыққа алады. Ал құқықтық нормаларда бекітілген жалпыға бірдей
міндетті ережелер қалыс қалып қойып жатады. Олардың заңды білмеуі және мағынасын
түсінбеуі алқабилер алқасының тиісті түрде сот әділдігін жүзеге асыруын қиындатады.
( https://www.zakon.kz/4850677-al1179abiler-instituty-taraptar.html ) 1 Менің пайымдауымша, ...................................................................... .
2 Біріншіден, ................................... , екіншіден, ................................. .
3 Оны ......................... деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын.