5. Мәтіндегі сөйлемдер бойынша «бұрыннан таныс» және «жаңа» ақпараттарды белгілеңіз. Сөйлемдердің рет саны Таныс ақпарат Жаңа ақпарат 1-сөйлем √
6. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз. Үлгі: Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі немен байланысты
өсе түсті?
7. Құрастырған сұрақтар бойынша ой бөлісіңіздер. 8. Төмендегі сөздердің түсіндірмелерімен танысыңыз. Ара ағайын – ешкімге жақындығы жоқ, екі жаққа бірдей кісі (Қазақ тілінің сөздігі). Ара ағайындық – қақтығысқа қатысушы жақтарға басу айтып, бітімгершілікке
шақыру. Қазіргі таңда ара ағайындық белгілері бейбітшілікке
жету, қантөгісті тоқтату, бітімгершілікке келу үшін жасалатын іс-
қимылдардан байқалады. Нақтылы мемлекет өкілдері, мемлекет
қайраткерлері бейбітшілік пен татулық, ізгілік ұйытқысы ретінде
ара ағайындықты сыртқы саясат қызметінің басты міндеттерінің
бірі деп санайды (Саяси түсіндірме сөздік).