7. Сөйлемдерді рет-ретімен орналастырыңыз. Айта кететін тағы бір жайт, 90-шы жылдардың ортасынан бастап 2002
жылға дейін әлемдік экономика мамандығына ұқсас «халықаралық
экономикалық қатынастар» мамандары даярланған болатын.
Бұл алған білімдері арқылы түлектердің көпшілігі президенттік
«Болашақ» бағдарламасы арқы лы білімдерін жетілдіруге және үздік
шетел жоғары оқу орындарында тәлімін жалғастыруға мүмкіндік алды.
Экономика мамандарын даярлау саласындағы «әлем дік экономика»
мамандығы ерекше орынға ие.
Бұл алдыңғы қатарлы мамандықтың үздік түлектері тек экономика
саласындағы білім алумен шектелмей, сонымен қатар, шет тілдерін жақсы
меңгеруімен ерекше көзге түсті.
Бұл мамандық Қазақстан Республикасы жоғары оқу және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудегі мамандықтар жіктелуінің қатарына
енгізілді.