VII БӨ ЛІМ 8. Оқыңыз Ирландияда білім, сауаттандыру
стандарты, орташа өмір сүру
көрсеткіштері жоғары. Жалпы ішкі
өнімі $203.89 млрд, жан басына
шаққанда $45 497 болады.
Әлемде ел экономикасы бойынша
7 орында тұр.
Канада жер көлемі бойынша
Ресейден кейінгі екінші орында.
Экономикасы өте жақсы дамыған.
Жалпы ішкі өнімі әрбір азаматқа
$51147-дан келеді. Мемлекетте
медицина қызметі тегін.
Жаңа Зеландия – бірнеше аралдың
қосындысынан құралған кішкентай
мемлекет. Жалпы ішкі өнімі әр адамға
$34 121-дан келеді. Жердің табиғи
байлығы өте жақсы сақталған. Елде
тек туризм саласында 18 000-ға жуық
мекеме жұмыс істейді. Жыл сайын
Жаңа Зеландияға кемінде 2 млн турист
келіп, мемлекетке жалпы ішкі өнімінің
10%-ын құрайтын табыс әкеледі.
Германия – Еуропа Одағындағы ең
дамыған мемлекет. Немістер сыртқы
нарыққа электр техникалары мен
транспорт түрлерін көп шығарады.
Үкімет мануфактурасы мен өндіріс
орындары жылдан жылға өркендеуде.
Жалпы ішкі өнімі – $3.5 млрд. Яғни әр
адамға $40 631-дан келеді деген сөз.
Германияда кедейлік деңгейі төмен
болғанымен, жұмыссыздық индексі – 7%.