7. Төмендегі мәселелерге қатысты өз пікіріңізді айтыңыз. 8. Пікір қосыңыз. Сұхбатта жылма-жыл дәрігерге қаралу туралы кеңес айтылады.
Алайда дәрігерге емес, бақсы-балгерлерге қаралуды жөн санайтын-
дар да бар.
Міндетті түрде жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралып тұрған жөн. Біздің халық көбінесе ауруға мән бермей жүре береміз. Кез келген ауруды. Содан кейін асқындырып аламыз да опық жейміз. АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР 1. Осы сөйлемді оқып отырған сәтте,
тәніңіздегі 50 мың жасуша өліп, орнын жаңа
жасушалар басты.
2. Түшкіргенде ағзаның барлық қызметі,
тіпті жүрек те тоқтап қалады.
3. Адам жүрегі бүкіл өмір бойы 48 миллион
галлон қан айдайды.
4. Жүйке импульсі миға дейін сағатына
274 км жылдамдықпен жылжиды.
5. Адамның саусақ ұшына қарағанда ерні
жүз есе сезімтал. Сүйісу кезінде тамыр
соғысы минутына 100-ге дейін, тіпті одан
да жиілейді.
6. Тіс – адам тәніндегі өздігінен қалыпқа
келмейтін жалғыз бөлік.
7. Ағзада өмір сүретін бактериялардың
орташа салмағы – 2 кг.
8. Адамның шашы өмір бойына шамамен
725 км-ге өседі.