311
Сөз дәлдігіне тоқталайын. Орыс тілінде «полуостров» деген
географиялық термин бар, оны қазақшалап «жартылай арал» дейді.
Бұл – қате. Өйткені қазақша «түбек» термині бар. Бұдан сөздің дәл
қолданылмағаны аңғарылады.
Келесі, сөздің қысқалығы, нұсқалығы. Сөз неғұрлым қысқа,
нұсқа болса, соғұрлым оның әсері мықты болады.
Сөздің қысқалығы
ойдың жетілгенігін, піскенін көрсетеді.
Сөз бедері. Сіз қандай қарым-қатынаста сөйлесіп тұрсаңыз, соған
сәйкес тілдік бірліктерді таңдағаныңыз дұрыс. Бедер деп осыны
айтады.
Жүргізуші. Әңгімеңізге көп рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: