4. Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтар төңірегін- де ой бөлісіңіз. №4
Вашингтондағы Дүниежүзілік банктің мәжіліс залына қазақ
қызы Алма Оразалинованың есімі берілді. Білімді де білікті, ойы ұш-
қыр отандасымыз халықаралық қаржы орталығының дамуына зор
үлес қосқан екен.
Әлемдік банктің қызметкері Джейн Клемент ол жайында: «Ал-
мамен таныс болғанымызға 20 жылдан асты. Кезінде түрлі жобалар-
ды бірлесе атқардық. Тек әріптес емес, жақсы дос болдық. Жұмысқа
өте тиянақты, әр міндетін мінсіз атқаратын. Алманың орны ойсырап
тұр. Оның ерен еңбегі ескеріліп, мәжіліс залына есімі берілді», – дейді.
Алмамен 12 жыл әріптес болған Олимпия Аджино: «Банк тарихында
Алманың алатын орны орасан. Іскер, білімді әрі достыққа адал жан
еді», – деп еске алады.
А.Оразалинова Мәскеу мемлекеттік университетінде, Массачу-
сетс технологиялық институтында білім алған. Банк басшылығы
оған аса маңызды жобаларды сеніп тапсырып, іскерлік қабілетін жо-
ғары бағалады. Отандасымыз өзіне жүктелген кез келген тапсырма-
ны тап-тұйнақтай орындап, ұжымында зор абырой-беделге ие бол-
ды. Алайда бейнетінің зейнетін көру маңдайына жазбапты. Ауыр
дертке шалдыққан Алма бұдан екі жыл бұрын көз жұмды.
Банкте ол кедейшілікпен күрес бағытында еңбек етті, дамушы
елдер үшін маңызды жобаларды жүзеге асыра білді. Оның игі баста-
малары әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
(http://24.kz сайты)