3. Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. №3
Кәсіпқой қазақ боксшысы Қанат Исламұлы 1984 жылы Қытайда
дүниеге келген. Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода
өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006)
қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Орташа жеңіл
салмақтағы WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, 2010 жылы
атамекені Қазақстанға көшіп келіп, "Астана Арландары" кәсіби
клубында өнер көрсеткен. Қазір АҚШ-та Нельсон промоутерлік
клуб атынан сайыстарға түсіп жүр. Соңғы 12 жекпе жектің онында
нокаутпен жеңіске жеткен.
Қанатпен журналистер кездесіп, екі сұрақ қойды.
Журналист: Болашақта АҚШ-қа отбасыңызбен көшіп бару
ойыңызда жоқ па?
Қанат: Ел көру, жер көру үшін ертіп баруға болатын шығар.
Ал былай, АҚШ-қа бір жола қоныс аудару мүлдем ойымда жоқ.
Америкаға байласа да, қалмаймын. Маған жер бетінде Қазақстаннан
артық жәннат жоқ.
Журналист: “Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу
мүмкіндігі болса, келісер ме едіңіз?”
Қанат: Геннадий екеуміз Қазақстаннан шыққанбыз. Екеуміздің
де соққымыз жақсы. Ол да төбелесуден қорықпайды және
төбелесе біледі. Біз бір елдің намысын қорғап жүргендіктен екі
қазақстандықты бір-біріне қарсы қою керек емес. Ал, егер халық
екеуміздің жекпе-жекке шыққанымызды қаласа, мен рингке шығар
едім. Өйткені, бұл – бокс. Геннадийге тек жеңіс тілеймін. Ол әрдайым
еліміздің туын көкке көтеріп, халқымыздың батыры атана берсін
деп тілеймін.
Сөз соңында Қанат өз жанкүйерлеріне: «Қазақстан жастары
үйде отырмай шетел асса, еліміздің көк туын желбіретсе, құр босқа
жүрмей, жұмыс істесе екен деймін», – деген тілек айтты.