Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет6/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   341
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық С1

X БӨЛІМ. ҒЫЛЫМ
1-сабақ. Әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтар  ..........................................................................207
2-сабақ. Қазақ елінің ғылымы  ..................................................................................................................217
МАЗМҰНЫ


XI БӨЛІМ. ТУРИЗМ
1-сабақ. Әлемдік туризм және Қазақстан  ..........................................................................................231
2-сабақ. Еліміздің көрікті жерлері  .........................................................................................................241
XII БӨЛІМ. САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН
1-сабақ. Тән саулығы – жан саулығы  ....................................................................................................253
2-сабақ. Емдеу мекемелері мен шипажайлар ...................................................................................264
ҚОСЫМША
Грамматикалық анықтағыш .......................................................................................................................274
Сөздік қор .............................................................................................................................................................. 290 
  Аудиомәтіндер    ..................................................................................................................................................309
Пайдаланылған әдебиеттер  ........................................................................................................................334


5
Ұ
сынылып  отырған  қазақ  тілін  меңгерудің  жоғары  (С1)  деңгейін  оқытуға  арналған 
оқулықтың  екінші  басылымы  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт 
министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша 
«Қазақстан  Республикасының  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы»  аясында  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  «Қазақ  тілін 
шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған 
оқу-әдістемелік  кешеннің  құрамында  жарыққа  шығып  отыр.  Аталған  оқулықтың  бірінші 
басылымы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ұлттық  тестілеу 
орталығы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 
тапсырысымен 2012 жылы  жарыққа шыққан болатын. 
Оқу-әдістемелік  кешен  қазақ  тілінің  бес  деңгейлік  (қарапайым,  базалық,  орта,  ортадан 
жоғары,  жоғары  деңгей)  оқулықтарынан  тұрады.  Оқулықтар  қазақ  тілін  меңгерудің 
коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін анықтайтын 2015 жылы 24 қарашада Қазақстан 
Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология 
комитетінің №236-ОД бұйрығымен бекітілген қазақ тілін оқытудың талаптарын анықтайтын 
ҚР  СТ  1926-2015,  ҚР  СТ  1928-2015,  ҚР  СТ  1929-2015,  ҚР  СТ  1925-2015,  ҚР  СТ  19272015, 
«Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты» мен «Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі 
бағдарламаның» негізінде әзірленді. 
2016-17 жылдары бес деңгейлік оқулықтың тіл үйренушілер тарапынан жоғары сұранысқа 
ие болған қарапайым (А1), базалық (А2), орта (В1) және ортадан жоғары (В2) деңгейлеріне 
толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізіліп,  екінші  басылымдары  жарық  көрді.  Ұсынылып 
отырған қазақ тілін меңгерудің жоғары (С1) деңгейін оқытуға арналған оқулықтың екінші 
басылымын әзірлеу барысында өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары 
мен әдіскерлерінің оқулық мазмұнын жаңартуға, жетілдіруге байланысты ұсыныстары мен 
пікірлері ескерілді. 
Оқулық  мазмұнында  белгілі  бір  тілді  екінші  тіл  ретінде  оқытудың  халықаралық 
тәжірибелеріне сәйкес сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым, Жазылым, Айтылым түрлерін 
дамытуға арналған тапсырмалар жүйесі қамтылды. Оқулық 12 бөлімнен, әр бөлім 2 сабақтан 
тұрады. Алғашқы меңгерген ақпарат пен кейінгі меңгерген лексикалық бірліктердің бірін-
бірі толықтырып, сөздік құрамда үздіксіз қолданысқа түсу барысында тіл үйренушінің сөздік 
қорына ене беретіні ескерілді. Жаңа сөздермен таныстыру мақсатында оқулықтың соңында 
қазақша-орысша  сөздік  ұсынылды.  Оқулықта  грамматикалық  тақырыптар  «Қазақ  тілін 
оқытуға арналған бірүлгі бағдарламаға» сәйкес және әр сабақтың лексикалық тақырыбымен 
тығыз  байланыста  берілді.  Оқулықтың  соңында  ұсынылған  грамматикалық  анықтағышта 
грамматикалық тақырыпқа қатысты негізгі мәліметтер қамтылды. 
Әр бөлім жаңа лексикалық қормен таныстырудан басталып, өткен тақырыпты еске түсіру 
тапсырмаларымен  жалғасып,  жаңа  тақырып  бойынша  тапсырмалармен  ұласады.  Жеке, 
жұппен және топпен орындауға арналған коммуникативтік тапсырмалар жүйесі «қазір және  
осында» қағидасы арқылы орындалуға негізделді. Жазылым әрекетін дамыту мақсатында 
жоғары  деңгей  талаптарына  сәйкес  шағын  эссе,  аннотация,  пікір,  рецензия,  ұсыныс, 
тұжырымдар  жазу  тапсырмалары  берілді.  Тіл  үйренушілердің  айтылым,  жазылым 
әрекеттерін дамыту мақсатында қосымша ақпарат ретінде тақырыптық суреттер мен түрлі 
үлгідегі  сызбалар,  диаграммалар  ұсынылды.  Тіл  үйренушінің  тыңдалым  әрекетін  дамыту 
мақсатында  жоғары  деңгейге  сәйкес  диалог,  монолог  мәтіндері  бойынша  тапсырмалар 
қамтылып,  тыңдалым  мәтіндері  оқулық  соңында  жинақталып  ұсынылды.  Тыңдалым 
мәтіндері аудиотаспада қосымша берілді. 
Құрметті әріптестер, мазмұны жағынан жетілдірілген, жаңа, өзекті тақырыптар қамтылған 
оқулықтың екінші басылымын назарларыңызға ұсына отырып, ерекше ынта мен ықыласты 
талап ететін қиын да, қызықты тіл үйрену ісінде осы оқулық өздеріңізге көмекші болады деп 
сенеміз.
Авторлардан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет