10
I БӨ
ЛІМ
ОҚЫЛЫМ
1. Мәтіндерді оқыңыз.
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық
11
Цицеронның есте сақтау әдісі.
Мінберде мінсіз сөз сөйлеу
мәнерімен бар әлемді тәнті еткен Цицерон ешқашан арнайы жазба
пайдаланбаған. Қаншама адам есімі, сандар, жылдар, фактілер
болса да... Айтылып отырған әдіс Цицерон есімімен аталмай
тұрып-ақ кең қолданысқа ие болған. Кей деректерде көне грек
ақыны Симонид бұл әдістің алғашқы қолданушысы болған деген
ақпарат бар. Әдіс, шындығында, өте қарапайым және тиімді. Ол
“Рим бөлмесінің жүйесі” деп те аталады.
Бұл әдіс бойынша айтар сөзде басты мән берілу керек дүниелерді ойша белгілі бір
тәртіппен бөлмеде орналасқандай етіп елестету керек. Сахнаға шыққанда, көпшілік
алдында сөйлегенде сол бөлмені елестетіп, сөзіңізді мүдірмей айта берсеңіз болады.
Цицерон дайындық кезінде бөлмені кезіп жүріп, айтылу керек дүниелерді ойша сол бөлмеге
орналастырады екен. Тәжірибе жасаған сайын бұл әдісті меңгеру оңай бола түседі. Уақыт
өте келе, қалай шешен сөйлейтініңізді өзіңіз де байқамай қаласыз.
22
Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалудың маңызы зор.
3
Сөйлейтін уақытты біліп алыңыз. Соған
қарап дайындалыңыз. Ұзақ сөйлеу аудиторияны
жалықтыруы мүмкін.
3
Дайындалатын ақпарат көздерін, кітаптарды,
газет-журналдарды іріктеп алыңыз. Кезекпен оқып
шығыңыз. Мәнін түсініңіз. Өз көзқарасыңызды
қалыптастырыңыз, себебі өз ойыңыз маңызды.
3
Жиналған материалды жүйелеңіз. Оны көздеген
мақсатқа сай аудиторияға қарай ыңғайластырып,
сәйкестендіріңіз.
3
Дайындық
кезінде ойыңызды жазбаша жазып, бір арнаға тоғыстырыңыз.
3
Сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеріңіз.
3
Мінберде өзіңізді ұстау ережесін қатаң сақтаңыз.
3
Сөзіңізді қағазға қарамай немесе қарап айтуды шешіп алғаныңыз маңызды. Қағазға қарап
айтқанда да одан бас алмай оқуға болмайды.
3
Ауызша шешен сөйлеудің қыр-сырын (дауыс, интонация, қимыл-қозғалыс) меңгеруіңіз
керек. Дауысыңызды диктофонға жазып, қайта тыңдап көрудің де маңызы зор. Айна
алдында қимыл-қозғалысыңызды тексеріп көріңіз. Айтатын тақырыбыңызға немесе
ойыңызға қарай киіну стиліңізді де дұрыс таңдай біліңіз.
3
Аудиторияның қойған сұрақтарына тапқыр жауап беруге, білім-ғылым бәсеке таласын
ұйымдастыра білуге дайындалыңыз. Топ алдында «бұл сұраққа дайын емес едім» немесе
«шешендігім жоқ еді» деген сылтаулар айтпауға тырысыңыз, ол сіздің абыройыңызға сын
болады.
3
Сөйлейтін тақырыпқа орай мысалдар, мақал-мәтелдер, дәйексөздер жаттап алыңыз. Бұл
айтар ойыңызды көркем жеткізуге септігін тигізеді.
3
Көпшілік алдына шыққанда қобалжып қалсаңыз, «тет-а-тет» әдісін қолданыңыз. Яғни,
сөйлеу кезінде бір танысыңды немесе бір адамды белгілеп, соған қарап, сөзді соған ғана
бағыттап тұрғандай сезініңіз.
3
Көпшілік алдында сөзді әсерлі, мәнерлі жеткізе білу қабілетіңізбен де, әдепті мінезіңізбен
де ерекшеленуіңіз керек.
(https://massaget.kz)