8
I БӨ
ЛІМ
6. Берілген тұжырымдарды дәлелдеп, өз ойыңызды айтыңыз.
1. Сөйлеу мәдениеті тілші маман-
дарға ғана керек.
• Өйткені мамандар тілдің
заңдылықтарын,
ережелерін
жақсы меңгеруі тиіс.
• Олар – тілшілер,
сондықтан
да сөйлеу мәдениеті
жоғары болуы керек.
• Тілші
мамандар басқаларына
үлгі болуы керек.
• Себебі тілші мамандар басқаларды
талапқа сай сөйлеуге үйретеді.
2. Сөйлеу мәдениеті қалың жұртшылыққа
қажет.
• Әрбір
адам өз ойын еркін, жүйелі,
анық жеткізуі керек.
• Сөйлеу мәдениеті – жақсы қарым-
қатынастың шарты.
• Сөйлеу
мәдениеті ауызша, жазбаша
сөйлеумен
байланысты, сондықтан
әр адам ауызша да, жазбаша да
ойын еркін айта алуы қажет.
• Көпшілік алдында мүдірмей
сөйлеу үшін керек.
• Сөйлеу
мәдениеті халықтың
сауаттылығын көрсетеді.
7. Оқыңыз.
Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы көпшілік
алдында шешіліп сөйлейтін, түйінді мәселелерді шешетін данышпан, ақылгөй, дана
деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып
салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданылады. Шешен сөзін
халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. «Оратор» латынның «очаче» – «айту»,
«сөйлеу» деген сөзінен шыққан. В. Дальдің түсіндірме сөздігінде «оратор» вития (ділмар),
краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің
шебері) деп беріледі. Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем,
ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді.
(http://www.tilalemi.kz/)