Тыртысудың оқшаулануы (локализациясы)
Тыртысу сөйлеу аппаратының барлық бөлімдерінде:
артикуляциялық дауыс шығару және тыныс алу мүшелерінің бұлшық
еттерінде кездесуі мүмкін. Тұтықпаның асқынған түрінде тыртысудың
аралас түрлері жиі кездеседі: демалу – артикуляциялық, артикуляторлық –
дауыс шығару т.б.
Демалу аппаратының тыртысуы. Инспираторлық тыртысу. Кенеттен
шұғыл дем алудың салдарынан сөйлеудің әр кезеңінде пайда болатын
үзіліс немесе кідіріп қалуымен сипатталады. Мұндай тыртысулар
фонацияны, сонымен қатар сөйлеу артикуляциясын бұзады.
Инспираторлық тыртысулардың күші әртүрлі болады. Көбінесе олар әлсіз
болып келеді, өте сирек жағдайда күшті және ұзақ болуы мүмкін.
Экспираторлық тыртысу ауызша сөйлеу кезінде кенеттен шұғыл
дем шығарумен сипатталады. Оған қарынның көк етінің қатты қысқаруы
тән. Экспираторлық тыртысу кезінде артикуляция да, вокализацияда
тоқталады. Тұтығушыда кеудесі қысылған ауа жетпейтін сезім пайда
болады.
Дауыс шығару аппаратының тыртысуы.
Дауыс шығару аппаратында тыртысу көбінесе дауысты дыбысты
айту кезінде байқалады. Дауыс шығару аппаратының тыртысуының
негізгі үш түрі кездеседі.
Қабысып тыртысу сөйлей бастағанда немесе сөйлеудің ортасында
пайда болды да кенеттен дауыс беру тоқталады. Тыртысудың бұл түрінің
негізгі белгісі дыбыстың мүлдем болмауы болып табылады. Ұзаққа
созылған тыртысуда тұтығушының бет әлпеті қимылсыз, зорланып
көрінеді.
Вокальдық тыртысу әдетте сөйлеу процессінде дауысты дыбысты
айту негізінде пайда болады. А. И. Сикорскийдің айтуынша, тыртысудың
бұл түрі тұтықпаның басталар алдында жиі кездесетін және оның
тұтықпаның алғашқы белгісі деп қарастыруға болады.
205
Вокальдық тыртысу, көмекей аумағында оқшауланып, мойын
бұлшық еттеріне таралуы мүмкін және дауыс шығару аппаратынан
барлық бұлшық еттерінің іс – әрекеті бұзуы мүмкін кейде вокальдық
тыртысу біткенше артикуляторлық қимылдар толықтай тоқталуы
байқалады.
Дірілдеген немесе жұлқыған көмекейдің тыртысуы дауысты
дыбысты айтқанда немесе айтуға әрекет жасағанда пайда болады.
Сөйлегенде үзіп сөйлейді, дірілдеген дыбыс пайда болады, артикуляция
толығымен болмайды.
Артикуляциялық аппараттың тыртысуы.
Артикуляцияның тыртысуды беттік (ерін, астыңғы жақ) тілдік және
жұмсақ таңдайлық деп бөледі.
Беттік тыртысулар. Еріннің қабысқан тыртысуы тұтықпада жиі
кездесетін түрінің бірі. Ауыздың айналма бұлшық еттерінің тыртысуы
салдарынан, еріндер қатты қабысады. Тыртысудың бұл түрінде еріндік
дыбыстардың (п,б,м,в,ф) айтылуы бұзылады.
Жоғары еріндік тыртысу сирек кездеседі. Тыртысудың бұл түрінде
барлық еріндік дыбыстарды айта алмайды, бет әлпетінің кескіні
бұзылады.
Төменгі еріндік тыртысу ауыздың бұрыштарын төмен түсіретін бұлшық
еттерді зақымдайды беттің күрделі тыртысуы, ауыздың бұрышындағы
тыртысу сияқты түрлері кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |