I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет103/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Тұтықпаның  этиологиясы 

 

Арнайы    әдебиеттерде    тұтықпаның      себептеріне    әр  түрлі  

көзқарастар    айтылады.  Хр.  Лагузен    (1838)    тұтықпаның    себептеріне  

аффектті,  қорқуды,  ұялшақты,  қатты    ашулануды,  бас    миының    зақымдалу  

мен    ауруын,  тұтығуға    еліктеуді    жатқызады.  А.  И.  Сикорский  тұтығудың 

негізгі  себебі   тұқым  қуалаушылық  деп  есептейді. Г. Д. Неткачев  (1909)  

отбасында  дұрыс  тәрбиенің  болмауы деп  санайды. Көптеген  зерттеушілер  

тұтықпа    инфекциялық    аурулардың    салдарынан    организмнің    әлсіреуінен  

(А. Г. Гутцман)  экзогендік  және  эндогендік  факторлардың  қосылып  әсер  

етуінен деп  санайды  (В. А. Гиляровский, М. Е. Хватцев, Н. А. Власова, Н. П. 

Тяпугин, М. Зееман  т.б) 

 Қазіргі    кезеңде      тұтықпаның    себептерін    екі    топқа    бөледі:  бейімдеуші  

және  қоздырушы.  

Біріншісіне  баланың  нерв  жүйесін әлсіретіп, оның  жұмысының  бұзылуына  

әкеліп    соғатын    жағдайлар    жатады  (құрсақта    жатқанда,  туу    кезеңдегі  

зақымдалу;  инфекциялық    аурулар;  тұқымқуалаушылық      яғни    ата-

аналарының    нерв    жүйесінің    әлсіздігі,  ерекшелігі;  конституциональдық  

бейімділігі, педагогикалық   қараусыз  қалу). 

Қоздырушы   себептерге  жататындар:  күшті  жүйке  күйзелісін  тудыратын  

кенеттен  психиканың  зақымдалуы, тәрбиелеу  тәсілдерін  дұрыс  қолданбау, 

сөйлеу  ортасының  жағымсыздығы, сөйлеу  тілінің  дамуының  кешеуілдеуі. 



 

202 


Осы    уақытқа    дейін    тұтықпаның    этиологиясына    бірдей    көзқарас  

жоқ. Дегенмен, барлық  зерттеушілер, тұтықпаның  пайда  болуына  бірқатар  

факторлардың  маңызын  атайды. 

1. 


Баланың  жасы. 

2. 


Баланың  орталық  жүйке  жүйесінің  жағдайы. 

3. 


Жеке    тұлғаның    ерекшелігіне  байланысты    сөйлеу  

онтогенезінің  өтуі. 

4. 

Бас    миының    функциональдық    ассимитриясының  



қалыптасу  ерекшеліктері. 

5. 


Психикасының  зақымдалуы. 

6. 


Генетикалық  фактор. 

7. 


Жыныстық  деморфизм. 

Тұтықпаның    пайда   болуына    ықпал    ететін    көптеген    факторларды  

атауға    болады  (соматикалық    әлсіреу,  мінезінің    жағымсыз    жақтары, 

әлеуметтік    жағдайы    мен   ортасы    т.б).  әдетте,  тұтықпа    бір    емес,  бірнеше  

факторлардың    қосылып    келу    салдарынан    пайда    болады.  Этиологиялық  

факторлардың  әрқайсысына  жекеше  тоқталайық. 

Баланың  жасы  тұтықпа  екі – алты  жас  арасында  пайда  болады. Ол  

мектепке    дейінгі    жастағы    баланың    сөйлеу    іс  –  әрекетінің   

координаторлық  механизмдері  қарқынды  қалыптасу  сатысында  болуымен  

байланысты.  Көптеген    физиологиялық    зерттеулерде,  қарқынды    даму  

сатысында,  кез  –  келген    функциональді    жүйенің    зиянды    факторлардың  

салдарынан  ауытқуға  шалдыққыштығы  дәлелденген. 

    Көп  жағдайда  тұтығатын  балаларда  бас  миының  резидуальдық  

сипаттағы    органикалық    зақымдалуы    байқалады.  Жалпы    тұтықпаларға  

әртүрлі  деңгейде  қимыл  сферасының  жетілмеуі  байқалады. 

Орталық  жүйке  жүйесінің жағдайы  кейбір  тұтықпа  балаларда  бас  

миының    органикалық    зақымдалуы    байқалмайды.  Сонда  да,  қалыпты  

балаларға    қарағанда  тұтықпа    баланың    жүйке    жүйесінің    ерекшелігін  

көрсететін    үрейлену,  жаңа    жағдайдағы    бейімділігінің    төмендігі  сияқты 

белгілері  байқалады.             

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет