Тілдің тыртысулары.
Тілдің тыртысуының бірнеше түрлері болады. Ең жиі кездесетін
түрінің бірі тілдің ұшының тыртысуы. Тілдің ұшы қатайып қатты
таңдайға тіреледі, соның салдарынан артикуляция тоқталады.
Тілдің түбірінің тыртысып көтерілуі және артқа тартылуы. Бұл
кезде тілдің түбірі таңдайға қабысады да ауаның ауыз қуысына өтуіне
бөгет жасайды. Тыртысу тіл арты дыбыстарды (г,к,х,қ) айтқанда
байқалады.
Тілдің қуғындаушы тыртысуы тілді тістердің арасына итеріп
шығаруымен сипатталады. Ол клоникалық және тоникалық түрде болуы
мүмкін. Тыртысу кезінде дыбыс айтуы мүмкін болмайды, дем алу
бұзылады, кейде ауруды сезінуі мүмкін.
Тіл асты тыртысуы төменгі жақтың төмен түсіп ауыздың
ашылуымен сипатталады. Тыртысудың бұл түрінде буынның қайталауы
мен дауыстың қырылдауы жиі байқалады.
Жұмсақ таңдайдың тыртысуы жеке түрде сирек кездеседі.
Көбінесе артикуляциялық аппараттың жалпы тыртысулар құрамында
кездеседі. Тыртысу кезінде жұмсақ таңдай біресе көтеріліп, біресе төмен
206
түсіп тұрады, соның салдарынан мұрын қуысына жол ашылып жабысып
тұрады да дыбыстар мұрыннан айтылады.
Тұтықпа күрделі тіл кемістігі болып саналады. Онда сөйлеу
функциясының бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, соматикалық
денсаулығының, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы және
психологиялық ерекшелктері байқалады. Аталған әрқалай
байқалатындығы көптеген зерттеулерде анықталған.
А. Митринович – Моджеевска орталық жүйке жүйесінің көптеген
аурулары тұтықпада оның белгісі (симптомы) ретінде байқалатынын
айтады. Басқаша айтқанда, тұтықпа орталық жүйке жүйесіндегі
функциональды өзгерістердің салдары болып табылады. С. С.
Ляпидевский, В. П. Баранованың деректері бойынша 92,2%, М. Совактың
деректері бойынша 84,6% тұтығушыларда вегетативтік нерв жүйесінің
дистаниясы байқалады.
В. С. Кочергинаның зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы
тұтықпа балалардың көбінде жүйке жүйесі мен физикалық
денсаулығында әртүрлі бұзылыстардың болатыны анықталған: ашуланшақ,
өкпешіл, жылауық, негативизм, ұйқының және тәбетінің бұзылуы, суық
тигіш және инфекциялық ауруларға бейімділік, энурез.
Сонымен қатар, тұтықпада жалпы және сөйлеу моторикасының
әртүрлі деңгейде бұзылуы байқалады. Олар ерікті және еріксіз болуы
мүмкін. Ерікті қимылдарға тұтығушы өзінің қиын сөйлеуін білдірмеуге
немесе жеңілдету мақсатымен әртүрлі қимылдарды қолдану ( теңселу,
қолын қимылдату, саңылау т.б) жатады.
Еріксіз қимылдарға сөйлеу кезіндегі тыртысу жатады. Б.И.
Шостак, сөйлеу кезіндегі тыртысумен қатар тұтықпа балалардың сөйлеу
аппаратында, беттің, мойынның, қолдың бұлшық еттерінде күштелген
қимылдардың болатыны анықталған. Н. А. Рычкованың зерттеген ( 1985)
мәліметтері бойынша тұтықпаның неврозға ұқсас түрінде жалпы, ұсақ,
мимикалық қимылдарының бұзылуы, қозғалыстың бөгелуі, солғындығы
немесе дискоординациясы, бір қимылдан екінші қимылға өту қиындығы
жиі кездеседі.
Экспрессивтік сөйлеуге мынадай ерекшеліктер тән:
Сөйлеудің ырғақтылығының, жылдамдығының және
жартылай әуезділігінің бұзылуы.сөйлеген кезде кідіріп қалуы, жеке
дыбыстарды қайталауы, фразаны бастағанда қиналуы;
Эмболофразия, қосымша дыбыстарды немесе сөздерді
пайдаланып, сөйлеуді жеңілдету үшін амал жасау (ана, мына, сосын
т.б). Әдетте эмболдар қиын дыбыстарды айтудың алдында
қолданады;
Сөйлеу белсенділігінің төмендеуі, айналасындағылармен
қарым қатынасы азаяды яғни сөйлеудің қатынас функциясының
бұзылуы;
207
Дыбыс айту кемшіліктері, сөздерді дұрыс қолданбау,
сөйлемді дұрыс құрастырмау т.б.
Ауызша сөйлеу кемшіліктері, жазбаша сөйлеу тіліне
әсерін тигізеді. Жазуда бірдей әріптер мен буындар қайталанады,
сөзді бөліп жазады. Мұндай ерекшеліктер Р.Е. Левинаның, М.Е.
Хватцевтің, В.И. Селиверстовтың, А.В. Ястребованың, Г.А.
Воронованың жұмыстарында көрсетілген.
Тұтықпа балалардың психологиялық ерекшеліктері.
Р. Е. Левинаның пікірі бойынша сөйлеу тілінің бұзылуы әр қашан
тұлғаның дамуына және психикасының дамуына әсер етеді, оның әсері
ақаулықтың табиғатына, деңгейіне сонымен қатар баланың өзінің
ақаулығына көңіл аударуына байланысты болады. Көптеген авторлар
тұтықпа балаларда әр түрлі деңгейде психикалық ерекшеліктері
байқалатынын атайды (Х. Лагузен, И. А. Сикорский, Г. Д. Неткачев, Э.
Фрешельс, Ю. А. Флоренская, М. Е.Хватцев т.б). Кейінгі жылдардағы
ғылыми жұмыстарда психологиялық ерекшеліктерін тереңірек зерттеумен
қатар (С. С. Ляпидевский, В. И. Селиверстов, В. М. Шкловский, Ю. П.
Некрасова, Г. И. Ангушев, Л. З. Андронова, Э. М. Кулиев). оларды
психологиялық ерекшеліктері бойынша ажыратуға (дифференциялауға)
көңіл бөлмеді. Оның негізіне логофобияның болуы (С. С. Ляпидевский, С.
И. Павлова) әр түрлі деңгейде өз ақаулығына көңіл аударуы (В. И.
Селиверстов, В. М. Шкловский) алынады.
Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық сипаттаманы ескере
отырып, өзінің ақаулығына көңіл аударуын негізге ала отырып
тұтықпаларды 3 топқа бөледі: нольдік, біркелкі, орташа және айтарлықтай
немесе жоғары деңгейде ақаулыққа көңіл аудару.
Бірінші топтағы балалар өздерінің ақаулығын байқамайды, көңіл
аудармайды. Олар үлкендермен де өзінің құрдастарымен, бөтен
адамдармен ұйалмай қарым – қатынас жасайды. Екінші топтағы балалар
тұтықпаға байланысты іштей қайғырады, әр түрлі амал арқылы
тұтықпаны байқатпауға тырысады. Дегенмен ақаулықты сезінуі, іштей
қайғыруы тұлғаның дамуына оншалықты әсерін тигізбейді. Үшінші
топтағы балалар үнемі өзінің ақаулығын сезінеді. Ондай балалар
әрдайым сөйлеу қиыншылықтарына көңіл аударып, терең және ұзақ
қайғырып, ренжиді. Соның салдарынан олар өздерін кем санайды,
секемшіл келеді және сөйлеу алдында қорқыныш пайда болады.
Сонымен, тұтықпада тек сөйлеу функциясының бұзылуымен
қатар нерв жүйесінің, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы,
психологиялық ерекшеліктері байқалады
.
Тұтықпаның таралуы.
208
Балалар арасында тұтықпаның таралуы туралы статистикалық
мәліметтерді талдау барысында төмендегідей қорытындыларды жасауға
болады:
1.
Тұтықпа көбінесе 2-5жас арасында пайда болады, яғни фразалық
сөйлеудің қарқынды даму кезінде.
2.
Тұтықпа бастауыш сынып (әсіресе 1-сынып) оқушыларында жиі
кездеседі.
3.
Мектепте оқу кезінде және жыныстық жетілу кезеңінде күшейеді.
4.
Ер балалар арасында тұтықпа қыздарға қарағанда 3 есе көбірек
кездеседі
5.
Жалпы балабақшалар мен мектептерді салыстырғанда балалар
үйіндегі, мектеп интернатының балалар арасында балаларда тұтықпа жиі
кездеседі.
6.
Қалада тұратын балаларға қарағанда ауылда тұратын балалар
арасында тұтықпа сирек кездеседі.
Ауылда 0.8-0.9% (И. И. Демина, О. Т. Мороз), ал қалада 2% шамасында
(М. Е. Хватцев т.б) тұтықпа байқалады.
Профессор М. Зееманның айтуынша климат та тұтықпаның
байқалуына әсерін тигізеді.
Сонымен, статистикалық мағлұматтар тұтықпаның байқалуына әр түрлі
факторлар (жынысы, жасы, мекеменің түрі, климаттағы т.б) әсер ететінін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |