I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет159/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Дауыстың бұзылуының себептері, механизмі және классификациясы 

 

Дауыс  бұзылуының  себептері  алуан  түрлі:  көмей,  мұрын  қуысы  мен 



жұтқыншақтың  қосылған  жерінің,  өкпе,  бронх  және  кеңірдек,  жүрек  және 

жүрек-тамыр  жүйесінің  ауырулары,  дауыс  гигиенасын  ережелерін  сақтамау, 

есту  қабілетінің  төмендеуі.  Аталған    этиологиялық  факторлар  дауыстың  

органикалық  және  функционалды  бұзылыстарына  соқтырады.  Бірақ  дауыс 

бұзылуының  осы  түрлерінің  арасында  шек  қою  өте  қиын.    Органикалық 

бұзылыстың алғашқы симптомы көмей функцияларының жартылай бұзылуы 

және  жеңіл  түрде  қырылдауы  болуы  мүмкін,  ал  функционалды  бұзылыстар 

көмейдің  ауыр  органикалық  өзгерістерінің,  тиісінше  дауыстың    созылмалы 

бұзылыстарының  себебінің бірі болуы мүмкін.   

Дауыстың  бұзылуы  орталық  және  шеткі  (перифериялық)  болып 

бөлінеді.  Бұның  әр  қайсысы  органикалық  немесе  функционалды  болуы 

ықтимал.  Бұзылыстардың  көпшілігі  жеке  бұзылыс  болып  келеді.  Олардың 

себептері  тек  дауыс  аппаратының  әр  түрлі  өзгерістерінің  немесе 

ауруларының  пайда  болуына  байланысты.    Бірақ,  олар  басқа  да  күрделі  тіл 

кемістіктерімен  бірге  жүруі  мүмкін  (афазия,  ринолалия,  дизартрия,  тұтықпа 

кезінде).   

Дауыс 

бұзылуының 



механизмі 

көмейдің 

жүйке-бұлшық 

ет 


аппаратының  өзгеруінің  сипатына,  бәрінен  бұрын  дауыс  перделерінің 

қозғалуы  және  тонусына  байланысты  болады.    Ол  гипо-  немесе  гипертонус 

түрінде байқалады. Екеуінің тіркесуі сирек кездеседі.  

 

Дауыстың  органикалық  бұзылысы.  Дауыс  аппаратының  созылмалы 

асқыну  процестерінің  немесе  анатомиялық  өзгерістерінің  салдарынан  пайда 

болған дауыс патологиясын органикалық  бұзылыс деп есептейді. 




 

309 


Перифериялық органикалық бұзылыстарға созылмалы ларингиттер, көмейдің 

парезі мен салдануы,  ісікті сылып тастау кезіндегі афония мен дисфониялар 

жатады.  Дауыс  ақаулығы  ауырудың  түріне  емес,  оның  ауырлығына 

байланысты  болады.  Көмейдің  шала  және  толық  салдануымен  байланысты 

дауыс  бұзылуы  көмейдің  төменгі  немесе  қайтару  жүйкесінің  инфекциялық 

зақымдалуынан  немесе  жарақаттануынан    пайда  болады.  Көмейдің  орталық 

парезі  мен  салдануы  бас  ми  қабығының,  сопақша  мидың,  өткізгіш 

жолдарының зақымдалуына байланысты болады. Балаларда балалар сал ауру 

кезінде  кездеседі.    Көп  жағдайда  ісіктер  және  оларды  сылып  тастағаннан 

кейінгі  жағдай  (адамның  халі)  дауыстың  органикалық  бұзылыстарының 

себебінің  бірі  болып  келеді.  Ересектер  мен  балаларда  зарарсыз  ісіктер  

қатерлі  ісіктерге  қарағанда  жиі  кездеседі.  Ісіктердің  дауыс  қатпарларында 

оқшаулану кезінде бірте-бірте  ісіктің өсуіне қарай дауыс патологиясы пайда 

болады. Көптеген папилломалар балаларда жиі кездеседі. Олар бүкіл көмейде 

жайылуы мүмкін және оларды алып тастағанның өзінде қайталануы (рецидив 

беруі)  ықтимал.  Кең  таралған  папилломатоз  және  қайта-қайта  жасаған  

операциядан  кейін  пайда  болған    берішті  өзгерістер  тыныс  алу  мен  дауыс 

шығарудың  ауыр  бұзылыстарына  соқтырады.  Бұл  дерттің  этиологиясы  мен 

патогенезі  әлі  де  белгісіз.  Ерте  пайда  болған  папилломатоз  тыныс  алу  және 

дауыс  функцияларының  бұзылуымен  бірге  баланың  сөйлеу  тілі 

қалыптасуына және тұлғасына кері әсер етуі мүмкін. Қатерлі ісіктің кесірінен 

көмейді  мүлдем  алып  тастау  адамды  дауысынан  айырады  және  тыныс  алу 

функциясын күрт бұзады, өйткені кеңірдек пен көмей байланыссыз қалады.  

 

Жоғарыда  аталған  дауыс  бұзылулары  созылмалы  түрлеріне  жатады 



және өз бетімен жойылмайды.  

 

Дауыстың  бұзылуы  сөйлеу  тілі  жүйесінің  қалыптасуына  әсер  етпейді. 



Тек  ерте  жастағы  ауыр  патологиялары  сөйлеу  тілі  дамуына  кері  әсерін 

тигізеді. Бұндай жағдай сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін пайда болған көптік 

папилломалары және көмейдің берішті стенозы бар балаларда байқалады. 

Қайта-қайта  жасаған  операциялар,  дауыстың  жоқтығынан  табиғы 

жолдармен тыныс алудың бұзылуы баланың соматикалық әлсіреуіне әкеледі, 

сонымен  қатар  оның  сөйлеу  тілі  және  психикалық  дамуының  тежелуінің, 

ерік-жігер  аймағының  ауытқуларының    себебі  болуі  мүмкін.  Балалар 

өздерінің олқылықтарын  сезінеді,  оларда    тұйық,  ұшқалақ,  ерке  мінез  пайда 

болады.  Бұндай  балалар  қатынасқа  әзер  түседі.  Олар  дыбыс  айтуды  әзер 

меңгереді,  сөздік  қоры  кедей  болады.  Осыған  байланысты  балалардың 

мектепте  ойдағыдай  оқуы  шамалы.  Дауыс  бұзылудың  жеңіл  түрлерінде 

балалар өздерінің күйіне жай қарайды. Кейбір балалар өз ақауына сын көзбен 

қарап,  оны  жоюға  тырысады.  Басқалары  өз  олқылықтарын  сезбейді, 

сондықтан дауысының өзгеруіне немқұрайды қарайды. 

 

Ересектер  дауысының  бұзылуын  қатты  ұайымдайды.  Бұның  бірнеше 



себебін  атауға  болады:  тұлғалық  ерекшеліктері;  өзінің  күйін  дұрыс 

бағаламау;  дауыс  бұзылуының  ұзақтылығы  және  емнің  нәтижесіз  болуы; 

еңбек қызметіндегі дауыстың орны. 



 

310 


Перифериялық  органикылық  бұзылыстарға  есту  қабілеті  бұзылысының 

салдарын пайда болған дауыс бұзылысын жатқызады.  

Туа біткен немесе ерте жаста пайда болған саңыраулықта акустикалық 

бақылаудың жоқ болуынан дауыстың жоғарлығы, күші және тембрі өзгереді.  

Нәрестелік  шақта  сәбидің  дауысының  табиғи  тембрі  және  дауыстың 

құйқылжуы  (модуляциясы)  жоғалған  күйде,    үілдеуінің  дұрыс  ритмі  жоқ, 

былдырлау  инстинкті  төмен  болады.  Бала  дамып,  өскен  сайын    дауыс 

бұзылыстары  айқын  көріне  бастайды.  Дауыс  көлемі  емшектегі  бала 

дауысының  диапазонының  деңгейінде  қалады,  яғни  3-4  тоннан  тұрады. 

Дауыс әдетте қатаң, өте әлсіз, бәсең, әзер естілетін болады, бірақ шаңқылдақ, 

үзік-үзік, қарлыққан, дөрекі, мұрындық ренкпен, төмен болуы мүмкін.  

Естуі  бұзылған  жағдайда  дауыстың  сипаты  естуінің  күйіне  және  есту 

қабілетінен айырылу мезгіліне байланысты болады.  

 

Қалдық  есту  қабілеті  бар  немесе  одан    кеш  айырылған  балалардың 



дауысы үнді, табиғи болып шығады. Туа біткен саңыраулығы бар немесе бір-

екі  жасында  есту  қабілетінен  айырылған  балаларға  дауыстың  әр  түрлі 

бұзылыстары  және  сөйлеу  тілінің  ырғақтылығының,  сөз  әуенінің, 

интонациялық жағының бұзылуы тән. Олардың сөйлеу тілі мәнерлі емес, бір 

сарынды,  табиғы  модуляциясы  жоқ  болуымен  сипатталады.  Бұл  балалар 

дауысын  жоғарлатып,  төмендете  алмайды, дауыстың  күшін және  ұзақтығын 

өзгерте  алмайды,  мұрын  және  ауыз  резонаторларын  дұрыс  пайдалана 

алмайды.  

Есту  қабілеті  төмендеуінде  дауыстың  бұзылуы  құрылысында 

анатомиялық  өзгерістері  болмаған  жағдайда  артикуляциялық,  тыныс  алу 

және  дауыс  аппараттарының  жеткіліксіз  және  нақты  емес  жұмысымен 

түсіндіріледі.  

Көмейді  тексеру  кезінде  дауыс  қатпарларының  қабыспауы  немесе 

олардың  құрысып  тарылуы  байқалады.  Естімейтін  адамның  дем  шығару 

кезінде  ауаның  жартысы  дауыс  қатпарларының  арасынынан  өтеді,  соның 

салдарынан  дауысқа  қарлыққан  ренк  беретін    шу  пайда  болады.  Дауыс 

қатпарларына  күш  салған  кезде  спастикалық  дисфония  және  дауыс 

қатпарларында  түйіншектер  пайда  болуы  мүмкін.    Фонация  кезінде  ауаның 

жартысы  мұрын  қуысына  барады,  нәтижесінде  дауыста  мұрындық  ренк 

пайда болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет