I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет204/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   256
Байланысты:
Logopedia

 

 

 Зияты зақымдалған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

 

Зияты  бұзылған  оқушылар  сөйлеу  тілі  даму  кемістіктерінің  және 

механизмінің  күрделілігінің  болғандығынан  тұрақты  логопедиялық  көмекті 

қажет  етеді.  Оқу  жылының  басында  мектеп  логопеді  оқушылардың  сөйлеу 

тілін  тексеруді  ұйымдастырады.  Жаңадан  келген  барлық  бала  нақтылы 

тексеруден  келіп  түскен  (сыныбына  байланысты  емес)  өтеді.  Бұрын 

логопедтің  сабақтарына  қатысып  жүрген,  бірақ  оқытуды  қажет  ететін 

балаларда  тексеріледі.  Бұндай  балаларды    тексерудің  мақсаты  –  оқу 

жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау. 

   Тексеру  төмендегідей  қағидаларды  ескеріп  жүргізілуі  керек:  кешенділік, 



жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық.  

  

 Жеке  тексеруде  алынған  мағлұматтар  сөйлеу  картасына  енгізіледі. 



Логопедиялық  сабақтарға  жазылған  әр  баланың  сөйлеу  картасына  онымен 

жүргізілетін  сабақтардың  жоспары  тіркеледі.  Ол  жоспар  сөйлеу  тілі 

қорытындысы негізінде құрылады.  



 

383 


   Тексеру қорытындылары бойынша логопедиялық сабақтар өткізілуі керек.  

   Логопедиялық  сабақтарға  балаларды  тіркеу  критерийі  болып  сөйлеу  тілі 

бұзылысының  сипаты,  оның  оқудағы  үлгеріміне  әсері  табылады.  Топтар 

сөйлеу тілі бұзылысының біркелкілік сипаты бойынша топтастырылады. 

   Логопедтің 

әрекетінің  келесі  кезеңі  –  логопедиялық  сабақтарды 

ұйымдастыру және өткізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету бойынша жұмыс 

мектеп  бағдарламасы  материалында,  ақаулықтың  құрылымын  жас 

ерекшеліктерін  ескеріп  жүргізіледі.  Логопедиялық    сабақтардың  түрлері: 

жеке және топтық сабақтар.  

   

Оқушылардың  әр  тобына  арнап  логопед  жұмыс  кезектілігін, 



ұзақтылығын 

көрсететін 

перспективалық 

жоспар 


құрастырады. 

Логопедиялық 

сабақтар 

қажетті 


оқу-әдістемелік 

материалымен 

жабдықталған логопед кабинетінде жүргізіледі.  

 

Сөз қорын дамыту бойынша жүргізілетін логопедиялық жұмыс. 

   Түзете  ықпал  ету  процесінде  сөз  қорын  молайтуға,  сөздердің  мәнін 

анықтауға,  сөздердің  семантикасын  дамытуға,  лексикалық  жүйелілік  пен 

семантика жағын қалыптастыруға арналағн жұмыс жүргізіледі

Аса назарды предикативті сөздік, етістіктер мен сын есімдерге аудару қажет. 

Көмекші  мектептін  бастауыш  сыныптарында  жұмыс  сөз  қорын    молайтудан 

басталады.  Онда    жиі  қолданатын  етістіктерді  көбейту  мақсатында  ойындар 

ұйымдастырылады:  «Кім  (не)  қалай  қозғалады?»,  «Кім  (не)  қалай 

дауыстайды?»,  «Кім  (не)  қалай  тамақтанады?»,  «Кім  (не  қандай  дыбыстар 

шығарады)?», «Кім (не) не істейді?» т.б. 

Сын  есімдерді  сөз  қорына  енгізу  үшін  негізгі  түстер,  пішіндер,  көлем 

атауларын  білдіретін  сөздер  алынады.  Кейіннен  биіктік,  жуандылық, 

ұзындық,  дәм  қаситеттері,  жазықтық  белгілері,  салмақты  білдіретін  сөздер 

алынады. 

   Келесі  кезекте    балалардың  сөз  қоры    семантикасы  бойынша  күрделі, 

мысалы,  адамның  ішкі  қасиеттерін  білдіретін  сын  есім  сөздермен 

молайтылады. 

   Предикативті  сөз  қорымен  қатар  номинативті  сөз  қорын  молайтып  дамыту 

жұмысы  жүргізіледі.  Әсіресе,    сөздікті  жалпылама  сипаттағы    (жиһаз, 

киімдер,  т.б.)  сөздермен  молайту  маңызды  болып  табылады,  себебі  бұл 

жұмыс 

жалпылау 



операцияларының, 

балалардың 

аналитикалық-

синтетикалық әрекеттерінің  дамуына ықпал етеді. 

   Сөз  қоры  есімдік,  сан  есім,  үстеулермен  және  басқа  сөз  таптарымен 

молайтылады.  Зияты  бұзылған  балалардың  сөз  қорын  молайту  жұмысында 

синоним сөздерді анықтау қолданылады. Ол үшін балалардың қоршаған орта, 

ондағы  заттар  мен  құбылыстар  туралы  түсініктерін  кеңейтіп,  заттарды 

топтастырудағы лексикалық жүйелілікті қалыптастыру қажет.  

    Сөз  қорын  белсенділеуге  сөздерге  дыбыстық  талдау  жасау,  есту  және 

кинестетикалық бейнелерді бекіту жұмыстары  ықпал етеді. 

 



 

384 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет