I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет205/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын және байланыстырып сөйлеуін 

дамытуға арналған логопедиялық жұмыс  

Көмекші  мектепте  сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылымын 

қалыптастыру  жұмысында  онтогенетикалық  қағида  үлкен  рөл  атқарады. 

Логопедиялық жұмыстың кезектілігі қалыпты онтогенездегідей жүргізіледі. 

    Септік формалар  бойынша логопедиялық жұмыстың кезектілігі мынандай: 

-  атау септіктің жекеше және көпше түрін ажырату; 

-  басқа септіктердің  жекеше формалары; 

-  септіктердің көпше түрлері. 

Сөзөзгерту  функциясын  ең  алдымен  осы  шақта  (жекеше  және  көпше 

түрлері), кейін өткен шақта, ең соңында келер шақта дамыту. Зияты бұзылған 

балаларда  сөзжасам  формасын  қалыптастыру  жұмысы  ең  күрделі  болып 

табылады. Жұрнақтарды қосып сөзжасауға үйрету қажет. 

   Сөйлемнің  құрылымын  қалыптастыруда  ерекше  назар  ішкі  ойының  терең-

семантикалық (предикативті) қатынастарына аударылады. 

    Сөйлем  бойынша  жұмыстың  кезектілігі  мынандай  болуы  мүмкін:  жай 

сөйлемдер, жайылма сөйлемдер, күрделі сөйлемдер. 

Байланыстырып  сөйлеуін  дамыту  бойынша  жұмыс  диалогтық  және 

ситуативті  (жағдайға  сай)  сөйлеу  тілі  материалында,  кейіннен  контекстті, 

монологтық  материалда  жүргізіледі.  Жұмыстың  қысқа  мәтінді  суретке 

сүйеніп  айту,  үлкен  мәтінді  көрнекілікке  сүйеніп  әңгімелеп    айту,    ілеспелі 

суреттер  бойынша  қысқа  әңгіме  айту,  ілеспелі  суреттер  бойынша  үлкен 

әңгіме  айту,  сюжетті  сурет  бойынша  әңгімелеу,  берілген  тақырыпқа  сай  өз 

бетімен әңгіме құрастыру сияқты кезектілігі тиімді. 

Байланыстырып  сөйлеу  тілін  қалыптастыру,  талдау,  жинақтау, 

салыстыру, жалпылау, әсіресе ішкі бағдарламалау операцияларын талдаумен  

тығыз байланысты болу керек.  

 

Көмекші мектепте жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету бойынша 

логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері 

Ақыл-ойы  кем  оқушылардың  жазбаша  сөйлеу  тілін  түзетуде  олардың 

жоғарғы жүйке жүйесінің, психопатологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. 

Осыған  байланысты  көмекші  мектепте  жазу  мен  оқу  бұзылыстарын  түзету 

жұмысы  таным  әрекетінің  дамуымен,  талдау  мен  жинақтаумен,  

салыстырумен,  жалпылаумен  тығыз  байланыста  болуы  керек.  Сондай-ақ 

фонетикалық  жуан  дыбыстарды  салыстыру,  сөйлемнің  құрылымын,  сөздің 

дыбыстық-буындық  құрамын  талдау,  көру-кеңістіктік  талдау  мен 

жинақтауды  дамыту    кеңістікті  бағдарлауын  дамыту  жұмыстары  оқу  мен 

жазуын қалыптастыруда, түзетуде кеңінен қолданылады. 

Жазбаша  сөйлеу  тілін  түзетуде  көмекші  мектепте  түрлі  психикалық 

функцияларды  дамыту  қажеттілігі  туындайды.  Жазу  мен  оқу  бұзылыстарын 

жою,  ауызша  сөйлеу  тілінің  бұзылыстарын  түзетумен  (дыбыс  айту 

бұзылыстары,  сөйлеу  тілінің  фонематикалық  жағының  жетілмеуі, 

лексикалық-грамматикалық  жағының  қалыптаспауы)  тығыз  байланыста 

жүргізіледі. 




 

385 


     Логопедтің  оқудан  тыс  жұмысы  сөйлеу  тілін  дамыту  шаралары, 

мектептегі  біркелкі  сөйлеу  тәртібінің  қамтамасыз  етілуін  қадағалауды 

көздейді.  Логопедтің әрекеті  мұғалім,  тәрбиеші,  мектеп  дәрігері,  сөйлеу  тілі 

бұзылыстары  бар    оқушылардың  ата-аналарымен  тығыз  байланыста  болуы  

қажет. 

   Логопед сыныптан тыс жұмыстарға, сабақтарға қатысуы қажет: біріншіден 

оқушыларды  бақылайды,  екіншіден  мұғалім,  тәрбиешілердің  логопед 

тапсырмаларын  «балаға  көмек  беру  жөніндегі»  нұсқауларын  орындауды 

қадағалайды.  

   Логопед  әрекетінің  бағыттарының  бірі  –  мектеп  қызметкерлеріне,  сөйлеу 

тілі  бұзылыстары  бар  балалардың  ата-аналарына  оқудан  тыс  уақытта, 

сабақтарда, үй жағдайында қолдануға болатын тәсілдерге үйрету (дыбыстық 

талдау  дағдыларын  қалыптастыру,  жазудағы  бұзылыстардын  алдын  алу, 

қолдың ұсақ моторикасын, артикуляциялық апаратты  дамыту). 

   Логопед  мұғалімдерге,  тәрбиеші,  ата-аналарға  арнап  сұқбаттасу,  семинар, 

кеңестер  ұйымдастырып,  ғылыми  әдістемелік  әдебиет  жаңалықтарымен 

таныстырады.  Сонымен,  логопедтің  мұғалім,  тәрбиеші,  ата-аналарымен 

жұмысы,  негізінен  кеңес  беру  сипатта  болып,  логопедиялық  білімді 

насихаттау  мақсатын  көздейді.  Логопедтің  мектеп  дәрігерімен  қатынасы 

оқушылардың  сөйлеу  тілі  бұзылыстарының күрделену  себептерін  анықтауға 

мүмкіндік береді. 

    


Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тілі 

бұзылыстары  бар  балаларды  тіркеу  журналы,  оқушылардың  логопедиялық 

сабақтарға  қатысу  журналы,  сөйлеу  карталары,  жұмыстың  перспективті 

(алдын ала) және сабақ жоспарлары, жұмыстың жылдық есебі. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет