Үнді дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
Жасау әдісі мен орны түрліше, қатаң немесе жұмсақ үнді дыбыстарға
ортақ тән кемшілік, олардың жұптық үнсіз дыбыс түрінде айтылуы. Бұл
кейде есту кемістіктерінің салдарынан фонологиялық кемшілік түрінде
қарастырылады. Ол жазу сауатына да әсер етеді.
Кемшілікті тиісті меңгерілуі жеңіл Ж және 3 дыбыстарынан
басталғаны дұрыс. Негізі ретінде дұрыс, үнді айтылатын В дыбысын алу
керек.
Логопед Ф дыбысын созып айтады да демді таратпастан В дыбысына
көшеді. /Ф-В/. Баланың назары дыбыс ерекшелігіне аударылады және
қолымен тербелісті бақылатады. Тербелісті виброскоптың көмегімен
ажыратуға болады.
Келесі сәтте бала жаттығуды логопедпен бірге жасап, тербелісті бір
қолымен өз тамағын, екінші қолымен логопедтің тамағын байқайды.
Осылай етіп С дыбысы айтылады да дауысты қосқанда 3 дыбысын
береді /С-3/.
Фрикативтік дауыссыздар мен жұмыс Ж дыбысын қалыптастырудан
басталады, ол да Ш дыбысын созып айтуда 3 дауысты қосуға негізделген /Ш-
Ж/.
3 және Ж дыбыстары қалыптасқан соң буын, сөз жаттығулары
жасалып, дыбыс бекітеді және жұбынан ажыратылады /3-С, Ж-Ш/.
Үнді Б, Д және Г дыбыстарын қалыптастырғанда елеулі қиындық
туады.
Үлгі ретінде ба-ба-ба қатарында кездесетін Б дыбыстан бастау керек. Онда
дыбыстың жабық ерінмен айтылатын сәтін біраз созу пайдалы. Буыннан
буынға ауысқанда дауыс дірілдейді. Балаға буындарды естіп қабылдауына
да, қолымен бақылауына да мүмкіндік беру керек. Кейде Б дыбысын ұртты
толтырып айтып, осы артикуляцияны балаға үйрету керек. Дауыс пердесінің
тербелісін тексеру үшін виброскоп пайдалануға болады.
Егер бұл нәтиже бермесе, қажет артикуляцияға біртіндеп көшетін әдіс
пайдалану дұрыс. Балаға бәсең жабылған ерін арқылы үрлеткізеді, сонда
жағы мен ұрты томпаяды. Тексеру үшін айна пайдаланады, ауызға қағаз
немесе қол таялады. Келесі сәтте дауыс қосылады, соның нәтижесінде
жақындаған еріндерімен айтылатын В дыбысына ұқсас гуіл болады. Соған
жеткенде логопед саусағын баланың төменгі ерні мен иегінің арасына қойып,
оны еріндер жабысып, ажырайтындай етіп жоғары-төмен қозғайды, егер бала
осы кезде В дыбысын созып отырған болса жұмсақ Б /ббб/ пайда болады.
Біртіндеп саусақ қимылын өзгересе-бэ-бэбэ, быбыбы дыбыстары естіледі. В
дыбысын жайлап айтуға қол жеткен соң, бала механикалық көмексіз
буындарды өзі айтуға тиіс. Ол дұрыс айтылса да дербес айтқанда бастау
106
керек және б дыбысы буын құрамында анық естілетін болсын. Одан соң
дыбыс буында, сөзде бекітіледі.
Б дыбысын игеру Д дыбысына негіз болады. Ең алдымен бұрынғы
сәйкестікке сүйеніп, баланың қолын тамағына қойып, мынадай буын
жұптарын айтқызады: фа-ва, са-за, ша-жа, па-ба, та-да. Егер одан Д
дыбысы алынбаса да Б дыбысы бар буынды онымен қатарластыра айтады
/бабабабда/ және тамақ тербелісін бақылайды. Сонда Д дыбысы қайталау
екпінімен айтылып кетеді.
Оған да болмаса басқа жағынан оралып келу керек. Ол мынадай: ба-ба-
ба буыны айтқызылады. Содан соң осы буын тіс арасына жалпағынан
сұғылған тіл арқылы айтылады. Сөйтіп Д мен Б арасындағы дыбысқа ұқсас
ерін аралык Д пайда болады. Бұл артикуляцияны дауыстылары бар буынмен
/да, до, ды, ада, ады/ бекітіледі. Содан кейін тісаралық Д дыбысына көшеді.
Ол үшін ерін аралық артикуляциямен да-да-да буындарын айтқанда
суасақпен жоғары ерінді көтереді. Сонда тіл жоғарғы тістерге автоматты
түрде жабысады да тіс аралық Д пайда болады, одан әрі тісті алдын-ала қысу
арқылы тіс аралық дұрыс дыбыс шығады.
Жоғарғы тістер сирек болса, ауа сол арқылы өтіп, тіс аралық Д алу
қиындайды. Бұндайда тіс аралық Д дыбысынан тісарты Д дыбысына тікелей
көшу керек. Д дыбысының дұрыс айтылуы үнді қопармалы Г дыбысына алғы
шарт. Ол көбінесе айтулы бұрынғы сәйкестік бойынша мынадай буын
жұптарын салыстырудан алынады: па-ба, та-да, ка-га.
Г дыбысын буын қатарларын айтумен талаптану да теріс емес /бадаға,
дадаға/.
Барлық жаттығулар қолды тамаққа қойып, тербелісті бақылаумен
жургізіледі.
Егер екі тәсіл де жарамаса шпательді пайдаланып Г дыбысын Д
дыбысынан механикалық әдіспен алу керек.
Үнді қопармасы дауыссыздарды айтуды қалыптастырған соң оны түрлі
буындар, сөз тіркестері арқылы бекітеді және жұбынан ажыратады / п-б, т-д,
к-г/.
Достарыңызбен бөлісу: |