120
- гемипаретикалық түрі;
- гиперкинетикалық түрі;
- атоникалық-астатикалық түрі;
- аралас түрі.
1. Қос (екіжақты) гемиплегияда аяқ-қол функциялары бірдей бұзылады,
яғни тетрапарез байқалады. Ондай балаларда көпке шейін патологиялық
рефлестері сақталады: тоникалық рефлекстер мүлдем жойылмайды, тік тұру
рефлексі дамымайды. Соның салдарынан баланың ерікті моторикасы
дамымайды. Мұндай балалардың көбінде олигофрения байқалады, сөйлеу
тілі дизартрия немесе анартриямен сипатталады.
2. Спастикалық диплегияда қолдары аяғына қарағанда аз зақымдалады.
БЦСА-ң бұл түрі Литтл ауруы деген атпен белгілі болатын. Параличтің бұл
түрінде психикалық дамудың кешеуілдеуі көп байқалады.
3. Гемипаретикалық түрінде біржақ қол мен аяқ зақымдалады. 80%
балаларда БЦСА-ң бұл түрі ерте постнатальді кезеңде дамиды. 25-30%
балаларда ақыл-ойының бұзылуының жеңіл түрі, 45-50% балаларда ПКД, 25-
35% балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы, жиі псевдобульбарлы (жалған
сопақша ми) дизартрия байқалады.
4. Гиперкинетикалық түрінде артикуляциялық және қаңқаның бұлшық
еттерінде 4-6 айдан бастап гиперкинездер байқалады. Психикалық дамуында,
қалыпты балаларға қарағанда, біраз кешеуідеуі байқалады, ойлау қабілеті
қалыпты дамиды. Бұлшық еттердің дистониясы байқалады.
5. Атоникалық-астатикалық түрі мишықтың зақымдалуына
байланысты. Бір жаста бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. 12-15 айда
ерікті қимыл-қозғалысы дами бастайды.
6. Аралас түрі. Бас миының ерте жаста органикалық зақымдалу
салдарынан, көбінесе БЦСА-ң аралас түрі кездеседі. Негізгі қимыл-
қозғалыстың бұзылуымен қатар, клиникалық симптоматикасында бұлшық
еттер тонусының, моторикасының, ерікті қимыл белсендігінің бұзылуы
байқалады. Интелектісі мен сөйлеу тілінің бұзылу денгейі әр түрлі болуы
мүмкін. Аралас түрде бір бұлшық еттер әлсіз, солғын паралич байқалса,
екіншісінде спастика байқалады.
Сонымен, БЦСА-ң барлық түріне тән психикалық дизонтогенезінің
төмендегідей жалпы сипаттамасы байқалады:
- әр түрлі психикалық функциялардың дамуы біркелкі емес;
- ми қыртысының функцияларының кешеуілдеп дамуы;
- интеллектуальдік және эмоционалдық жетілмеуімен сай келеді;
- ұғымдық,
абстракциялық ойлауының кешеуілдеп қалыптасуы
практикалық тәжірибесінің жеткіліксіздігімен негізделді;
- ауытқудың
барлық түрінде астеникалық-органикалық синдром
кездеседі.
Қорытынды:
1. БЦСА -да әр түрлі себептердің салдарынан баланың құрсақта жатқанда,
перенатальді, постнатальді кезеңдерде мидың органикалық зақымдалуы.
121
2. БЦСА – да нейроонтогенез бағдарламасы бұзылып келесі феномендерді
қоздырады:
- функциональді жүйенің дамуының әр кезеңінде ауытқуын (әсіресе
қатерлі кезеңдерде);
- бала есейген сайын мидың құрылымының өзгеруіне байланысты
функциональдік тапшылық байқалады;
- клиникалық көріністер мидың жеке аймағының зақымдалу симптомы
емес, ол қимыл, перцептивтік, интеллектуальдік, сөйлеу және
коммуникативтік процестердің даму барысының ауытқуының нәтижесі
болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: