Ы дыбысының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
33-сурет. Ы фонемасының
артикуляциялық кескіні
(профилі)
Ы дыбысы дауыстылардың ішіндегі кемшілікке
ыңғайлысы. Оның жасалу механизмі мынадай: ерін
белсенді емес, төменгі жоғарғы тістердің арасында
саңылау болады. Тіл ұшы төмен, тіл үстінің ортадан
кейінгі бөлігі, таңдай ортасына көтерілген тіл,
бүйірлі түпкі азуларға тиеді. Тіл И дыбысындағыдай
кейіндеу орналасады. Жұмсақ таңдай көтеріліп,
мұрын жолын жабады, дауыс перделері бірігіп,
тербеледі (33-сурет).
Ы дыбысын айту кемістіктері мынандай Ы дыбысының орнына I айтылады.
Мысалы, ыдыс-ідіс, сөйтіп дыбыстар жіңішке айтылады.
34-сурет. Шпательдің
көмегімен Ы
фонемасын кою
Ы дыбысын еліктеу арқылы түзетудің алғашқы
шарты оны I дыбысының айтылуымен салыстыру
тілдің оларды айтқандағы орналасу айырмасын
көрсетіп түсіндіру және оны қолмен бейнелеу.
Баланың айна алдындағы жаттығуы кейде нәтиже
береді.
Алайда көбіне шпательге суйенуге тура келеді,
балаға пи-пи-пи буын тіркесін айтқызады.
Жаттығуды пайдаланғанда логопед баланың аузына шпательді еңгізіп,
онымен тіл алдын тежеп ұстайды. Шпатель П дыбысын айтуға кедергі
келтірмейді, ал дауыстыны өзгертіп И дыбысы автоматты түрде Ы дыбысына
ауады пи-пи-пи буындары пы-пы-пы түрінде сезіледі. Сондай жолмен би, ми,
фи, ви буындарынан бы, мы, фы, вы алынады (34-сурет).
Артикуляцияны бекіткенде баланың шпательмен, саусақпен тілді қажет
қалыпта өзі ұстағаны дұрыс. Дыбыс өздігінен айтыла бастағанда,
механикалық әдіс тоқтатылады. Еріндік дауыстылардан кейін келетін Ы
дыбысын айтып үйренген бала, оны басқа фонетикалық жағдайларда да
пайдалана алады. Ы дыбысы бекіткенде оның дыбысынан ажырату, оқу мен
жазуды түзету жаттығуларына көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |