I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет65/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Паретикалық  түрінің  негізгі  синдромы  сөйлеу  мускулатурасының 

спастикалық парезі болып саналады. Сонымен қатар кейбір бұлшық еттердің 

бірден тонусының төмендеуі, әлсіреуі байқалады. 

 Бұлшық  еттердің  солғын  параличпен  зақымдалуына  байланысты 

жұмсақ  таңдай  салбырап  қалуы  мүмкін,  ол  дауыстың  мұрыннан  шығуына 

себеп  болады.  Тілдің  арқасының  жеткіліксіздігінен  Л,И,Ы,У  дыбыстарының 

бұзылуы  мүмкін.  Солған  параличтер  ерін  бұлшық  еттерінде  кездессе,  онда 

еріндік  дыбыстар  (П,Б,М)  дауысты  дыбыстар  (И,Ы,У)  бұзылуы  мүмкін. 

Кейде саливация (сілекей ағу), беттің гипомимиясы байқалады.  

Гиперкинетикалық  түрінде  пирамидалық  жолдардың  зақымдалуымен 

қоса  ми  қыртысы  астындағы  ядролар  мен  оның  байланысы  бұзылады. 

Бұлшық  еттердің  тонусының  қатаюы  тремормен  бірге  байқалады. 

Дизартрияның  бұл  түрінде  сөздің  жатықтығына  әсер  ететін  сөйлеу  тілінің 

просодикасы айтарлықтай бұзылады және көбінесе анартрия кездеседі. 

Қорытынды.  

1.  Дизартрияның спастикалық-паралитикалық түрінің механизмінің  




 

123 


негізінде орталық спастикалық паралич жатыр. 

2.  Спастикалық-паралитикалық түрі мидың әр түрлі құрылымдарының  

зақымдалуына байланысты үш түрге бөлінеді: 

-  спастикалық; 

-  спастикалық-паретикалық; 

-  спастикалық - гиперкинетикалық. 

3.  Алдымен артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады. 

4.  Дауысты, дауыссыз дыбыстар мұрыннан айтылады. 

5.  Дауыс әуезділігі бұзылған, қырылдақ. 

6.  Просодикасы бұзылған. 

7.  Сөйлеу  тілінің  дамуы  кешеуілдейді,  фонетикалық-фонематикалық 

жетілмеуі байқалады. 

 

Гиперкинетикалық дизартрия 

 

Дизартрияның 

гиперкинетикалық 

түрі 


(ми 

қыртысы 


асты, 

экстропирамидалық)  стриополидарлық  жүйесінің  және  оның  мидың  басқа 

құрылымдарымен байланысының бұзылу салдарынан болады. Орталық нерв 

жүйесінің  зақымдалуында  экстропирамидалық  жүйесінің  функциясының 

бұзылу симптомдары: бұлшық еттердің тонусының тұрақсыздығы (дистония) 

және  дене  қалпын  сақтай  алмауы.  Дизартрияның  бұл  түрінде  естудің 

нашарлауы  кездеседі,  соның  салдарынан  фонематикалық  қабылдау 

процесінің  дамуында  қиындықтар  туындайды.  Ұқсас  фонемаларды  ажырату 

қиыншылықтары, сөздің мағынасын түсінуін қиындатады.  

 

Сонымен 



қатар 

ауызша 


сөйлеу 

тілінің 


жылдамдығы 

мен 


ырғақтылығының  ерекше  бұзылуы,  сөйлеу  кезіндегі  тыныс  алуының 

қалыптаспауы, 

артикуляциялық, 

мимикалық, 

бұлшық 

еттердің 

гиперкинездері  байқалады.  Аталған  симптомдардың  баланың  көңіл  күйіне 

байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады. 



Қорытынды.  

1.  Гиперкинетикалық дизартрияның белгілеріне дистония, дискинезия  

жатады. 

2.  Ми қыртысы асты дизартрияның негізгі белгісі сөйлеу тілінің  

просодикалық 

жағының 


бұзылуы: 

сөйлеудің 

жылдамдығы 

мен 


ырғақтылығының  тұрақсыздығы,  тыныс  алуы  мен  дауыс  шығаруының 

бұзылуы. 

3.  Дыбыс айтуы тұрақсыз. Дыбыс айтуының бұзылуы гиперкинездің  

таралуы  мен  ауырлығына  және  сөйлеу  кезінде  көңіл-күйінің  жағдайына 

байланысты. 

4.  Дизартрияның гиперкинетикалық түрі балаларда жеке сирек кездеседі,  

көбінде спастикалық белгілермен қоса жүреді. 

5.  Сөйлеу тілінің дамуы қалыпты мөлшерде. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет