Балалардың дизартриясы
Балалардың дизартриясы церебральді параличтің резидуальдік фонында
85% балаларда
байқалады. Балалардың дизартриясың клиникалық белгілері,
ересектердің белгілеріне ұқсас болады, атап айтсақ:
- бұлшық еттердің тонусының бұзылуы;
- артикуляциялық моторикасының бұзылуы;
- даус шығарудың бұзылуы,
- тыныс алудың бұзылуы.
Аталған ұқсастықтармен қатар клиникалық белгілерде әр түрлі денгейдегі,
сипаттағы өзгерістер кездеседі:
- балаларда мидың органикалық зақымдалуы сөйлеу тілі дамымай
тұрғанда пайда болады. Сондықтан сөйлеу онтогенезінің барысы бұзылады (
уілдеуі, былдырлауы, алғашқы сөздері кеш байқалады);
- ересектерде дизартрия мидың локальді (белгілі бір бөлігі)
зақымдалады, балаларда мидың іс-әрекеті диффузды (ұласқан) бұзылу
салдарынан болады;
-
балалардың
дизартриясы,
БЦСА-дей
құрсақта
жатқандағы,
перинатальді немесе ерте жастағы мидың органикалық зақымдалудың
салдарынан болады. Мидың іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған орта туралы
толық мағлуматтарға мүмкіншілік бермейді, бұл баланың психикалық
функцияларының, сөйлеу тілінің, тұлғаның дамуын тежейді.
Қазіргі
кезеңге
дейін
балалардың
дизартриясын
топтастыру
(классификация) мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Көптеген авторлар
балалардың дизартриясы мен ересектер дизартиясының айырмашылығы
бар екенін атап көрсетеді (М.Б. Эйдинова, К.А. Семенова, Е.М.
Мастюкова, т.б.), бірақ зерттеушілердің ешқайсысы балалардың
бульбарлық дизартриясын атамайды немесе бөлмейді. Зерттеушілердің
көбі балалардың дизартиясын келесі түрлерге бөледі:
- спастикалық-паралитикалық;
- спастикалық-регидтік;
- гиперкинетикалық;
- атактикалық.
122
Спастикалық-паралитикалық дизартрия
Дизартрияның бұл түрі екі жақтағы пирамидтік жолдардың зақымдалу
салдарынан болады. Негізгі белгілері жалған бульбарлы (псевдобульбарлы)
дизартияның белгілеріне ұқсас болады. Бұл түрінде алдымен ауызша сөйлеу
тілінің фонетикалық жағы, күрделі артикуляцияларды ажыратуы, еріксіз
қимылдары бұзылады, еріксіз рефлекторлы қимылдары сақталады.
Дизартрияның бұл түрінің төмендегідей нұсқалары кездеседі:
- спастикалық түрі. Негізгі белгісі- бұлшық еттерінің тонусының
қатаюы;
- паретикалық түрі. Бұл түрінің негізгі белгісі - бұлшық еттерінің
тонусының қатаюымен қоса, сөйлеу мүшелерінің кейбір бұлшық еттерінің
тонусының төмен, бос болуы;
- гиперкинетикалық түрі. Негізгі белгісіне бұлшық еттерінің тонусының
қатаюы мен еріксіз қимылдар (тремор түрінде) жатады.
Спастикалық түрінің сипаттамасы
Сөйлеуге талаптанғанда артикулыциялық мүшелерінің қимылы бірден
бұлшық еттердің тонусын қатайтады. Кейде қолдың, аяқтың бұлшық еттері
де қатаяды. Тіл артқа қарай тартылады, тіл «кесектеліп» немесе жіңішкеріп,
тілдің ұшы жоғары көтеріліп тұрады. Көптеген оральді синкинезиялар
кездеседі, тілді жоғары көтере алмайды. Көбінесе тіл алды дыбыстары
бұзылады (Р, Л, Ж, Ш, Г, Т, Д), дауысты дыбыстар мұрыннан айтылады.
Сөйлеу тілінің темпі баяу, дауысы қырылдап шығады.
Дизартрияның спастикалық түрінде сөйлеу тілінің бұзылуын үш деңгейге
бөледі: жеңіл түрінде ауызша сөйлеу тілі түсінікті, тек кейбір дыбыстар ғана
анық айтылмайды. Орташа деңгейде көптеген дыбыстар бұзылып
айтылады. Ауыр түрінде сөйлеу тілі түсініксіз, көптеген дыбыс топтары
бұзылады, сөйлеу процесінде беттің, қолдың бұлшық етерінде көптеген
синкинезиялар байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |