I теоретические основы логопедии


Туа біткен тандай жарықтарының баланың физикалық және сөйлеу тілінің  дамуына тигізетін әсері



Pdf көрінісі
бет85/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   256
Байланысты:
Logopedia

 

Туа біткен тандай жарықтарының баланың физикалық және сөйлеу тілінің 

дамуына тигізетін әсері 

 

Ринолалияға  шалдыққан  балалардың  психологиялық  дамуында  кейбір  

ерекшеліктер де жиі байқалып қалады. 

Ерін  мен  таңдай  жарығы  ең  көп  тараған  іштен  дамыған  ауыр  кесел. 

Осы  кеселдің  салдарынан  баланың  даму  барысында  күрделі  фунционалдық 

бұзылу пайда болады. 

Ерін  мен  таңдайы  іштен  жетілмеген  бала  өте  үлкен  қиындыққа 

ұшырайды.  

Ерін  мен  таңдайдың  біреуінің  айырылып  жарылуы  баланың  емуіне 

ерекше  қиындық  туғызса,  ол  екеуі  бірдей  жарылған  болса  бала  сору 

қабілетінен  мүлдем  айырылады.  Ему  кезінде  сут  баланың  тыныс  алу 

жолдарына  кетіп,  оны  қақалтып,  шашалтады.  Сондықтан  балаларды 

қасықпен  немесе  пипеткамен  тамақтандыруға  тура  келеді.  Осылай 

тамақтандырғанның  өзінде  балалар  шашалып  қалады.  Оларда  жөтел,  лоқсу 

пайда  болады.  Ас  тамақтандыру  кезінде  жеткіліксіз  дамыған  таңдай 

қыртыстарына, мұрын қуысына, евстахиев түтікшесіне, мұрын-жұтқыншаққа 

және  тыныс  жолдарына  түсіп,  сонда  тұрып  қалады  да  шырышты  қабықтың 

қабынуына ұшыратады. 

Жоғарғы  жақ  сүйектерінің  дұрыс  дамымауына  байланысты  баланың 

тістері  екі  қатар  немесе  қатты  таңдайдың  ортасында  өседі.  Дұрыс 

тамақтанбағаннан баланың алғашқы (сүт) тістері тез түсіп қалады. 

Ринолалиясы  бар  баланың  ему  қабілеті  төмен,  ерін  қимылдары 

зақымдалған  болғандықтан  олардың  бүкіл  бет  бұлшық  еттерінің  жетілмеуі 

байқалады.  Соның  салдарынан  баланың  мимикасы  дамымаған  болады  және 

артикуляцияға бүкіл бет бұлшық еттері қатысады.  

Таңдай  жарығының  кеселінен  баланың  физиологиялық  тыныс  алуы 

нашарлайды. 

Баланың  тамақтануы  қиын  болғаны  оның  өсуін  нашарлатады  немесе 

бала  әр  түрлі  ауруға  шалдыққыш  келеді.  Жарығы  бар  баланың  көпшілігі 

жоғары  тыныс  жолдарының  қабынуы,  бронхитке,  қан  азаюы,  өкпенің 

қабынуы,  мешел  ауруына  бейім  болады.  Мұндай  баланың  лор  мүшелерінде 

мұрын  шеміршектерінің  қисаюы,  мұрын  желбезектерінің  өзгеруі,  тамақ-




 

166 


көмей  бездерінің  ісіуі  сияқты  патологиялық  өзгерістер  байқалады.  Бұл 

баланың  мұрынының  ісіп  қызаруы  жиі  болып  тұрады.  Ісіп  қызару  барысы 

мұрынның  шырышты  қабығына,  жұтқыншақтың  евстахиев  түтікшелеріне 

ауысып  және  орта  құлақтың  қабынуын  қоздыруы  мүмкін.  Жиі  ісулер 

созылмалы бағытқа айналады, есту қабілетінің нашарлауына себепші болады.  

Туа  біткен  жарығы  бар  балалар  туғаннан  бастап  өз  ауытқуларына 

бейімделуіне  мәжбүр  болады.  Бұл  ауыз  қуысында  тілдің  ерекше 

орналасуымен  сипатталады.  Бала  тілін  рефлекторлы  артқа  қарай  тартады, 

соның  арқасында  тілдің  көлденең  бұлшық  еті  жиырылып,  тілдің  түбірін 

жоғары  көтереді.  Сонымен,  тыныс  алу  жолдары  жіңішкередіде 

жұтқыншақтың  керегелерін  суықтан  қорғайды.  Ауыз  қуысында  тілдің 

осындай ерекше орналасуы бірте-бірте қалыптасады. Туа біткен жарығы бар 

балалар шалқасынан жатып ұйықтағанды ұнатады, өйткені бұл тілдің ауызда 

тереңірек болғанын жеңілдетеді. 

Тілдің  бұндай  қалпы  сөйлеу  кезінде  мұрындық  ренк  пайда  болуына  әсерін 

тигізеді. 

Сонымен,  туа  біткен  таңдай  және  ерін  жарықтары  баланың 

тамақтануын,  оның  физиологиялық  және  сөйлеу  кезіндегі  тыныс  алуын 

бұзады,  бет  бұлшық  еттері  жұмысының  сипатын  өзгертеді,  ауыз  қуысында 

тіл дұрыс орналаспайды. Осының бәрі баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына 

әсерін тигізеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет