I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет93/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Негізгі кезең 

1)  Ауызбен демді (тынысты) ұзақ шығару кезінде дауыс қосу; 

2)  Үзілмелі  дауыссыз  дыбыстарды  айтқандағы  ауызбен  қысқа  дем 

шығаруды қалыптастыру; 

3)  Сонорлы  дыбыстар  тобын  және  аффрикаттарды  айтуды  қалыптастыру 

кезінде  ауызбен  және  мұрынмен  қысқа  және  ұзақ  дем  шығаруды 

ажырату, 



 

180 


4)  Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру. 

Бұл  кезеңнің  сабақтарының  негізгі  мақсаты  –  бірінші  кезеңдегідей,  яғни 

артикулемаларды дамытумен бір уақытта  сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды 

қалыптастыру. 



1  кезең.  Фрикативті  дыбыстарды  айтқызу  жұмысы  қатаң  үзілмелі 

дыбыстарды  қалыптастыруға  дейін  жүргізіледі.  Себебі  үйретілген 

артикулемалардың барлығы бірдей ауызбен тыныс шығаруда айтқызылады. 

1  кезеңнің  мақсаты  –  балаға  демді  ұзақ  шығару  кезінде  дауысты  қосуға  

үйрету. 


Дауыс қосуды дауысты дыбыстар артикуляциясына сүйеніп жасауға болады, 

бірақ дауыссыз ф-дан дауыс шығаруды бастаған тиімді (бала екі дыбысты ф 

және в ажырата алады) . Қатаң Ф, ұяң в дыбыстарды айтқан кезде дауыстың 

қосылған  –  қосылмағанын  білу  үшін    көмейдің  қозғалысын    бақылау  керек. 

Ол  үшін    тактильді-вибрациялы  бақылау    қолданамыз.  Баланың сұқ  саусағы 

логопедтің  көмейіне  (қалқанша  шеміршегінің  үстіне  (жоғарғы  жағына)) 

қойылады  да,  логопед  балаға  түсіндіреді.  Дауыссыз  тыныс  шығарғанда  (ф-

дыбысында)  көмей  жұмсақ,  ал,  дауыс  қосылғанда  (в  -дыбысында)  көмей 

қатайып  алға  қарай  қозғалады  да,    бұл  қатаю  дауыс  естіліп  болғанша 

байқалады. Бұл құбылыстың механизмі  оңай түрде балаға түсіндіріледі ( бұл 

қатаюдың  болу  себебі  дауыс  перделері  жақындап  көмейді  алға  қозғалтады). 

Бала қатаюды өзінің тамағында сезінуі және есінде сақтауы керек. 

 Жұмыстың  бұл  кезеңінде  №2  кестеде    тағы  бір  бөлім  пайда  болады: 

дауыспен бірге дем шығару. Артикулеманы айту сәйкес әріппен  белгіленеді. 

Яғни бала өзінің дыбыс айтуын есту арқылы қадағалауы керек. Сонымен, №2 

кесте мынадай болуы мүмкін: 

Дем  алу  Дауыссыз дем шығару 

Дауыспен дем шығару 

Ауыздың 

суреті 


Артикулемалар суреттері: 

а) дауысты дыбыстардың; 

ә)  қатаң  дауыссыз  дыбыстардың  және 

олардың әріппен белгіленуі. 

Сәйкес 

дыбыстарды 

әріппен белгілеу 

 

2  кезең.  Екінші  кезеңде  ауыз  арқылы  дем  шығарудың  жаңа  түрі 



қалыптастырылады:  ауыз  арқылы  дем  шығару.  Баланың  назарын 

шығарылған ауа ағынының шапшаңдығы мен екпінділігіне аудару қажет. 

Дем шығарудың бұл түрін меңгеру  п,б,т,д,к,қ,ғ,г  дыбыстарын қалыптастыру 

кезінде  жүргізіледі.  Қысқа  дем  шығаруға  дайындық  жаттығуы  ретінде  й 

дыбысын  айту  кезінде    дем  шығарып  жаттықтыру  алынады.  Суреттері  №1 

кестеде 1-ші, 2-ші қатардағы дауыстылардан кейін белгіленеді.  



П    дыбысын  қою  үшін,  бала    жабық еріндерге  шығарған  ауа  ағыны  екпінді, 

шапшан (алақандағы мақтаны ұшыратындай) болатындай етіп, үрлеуі керек. 

Дәптерге  артикуляция  сызбасы  салынады  (  жабық  еріндер).  Кейіннен  дәл 

осындай  тыныс  шығару    б  дыбысын  дауыс  қосып  айтуында  бекітіледі 

(дауыстың қатысуы жоғарыда айтылғандай). 

Т  дыбысын  қою  үшін  тілдің  ұшы  жоғарғы  тістер  артында  болып,  жоғарғы 

альвеолдарға тақап жапсырылуына назар аударылады. Белсенді және екпінді 




 

181 


(қысқа)  дем  шығару  тілмен  альвеолдар  арасындағы    қабысуды  үзеді. 

Кейіннен Т және Д дыбыстарын  дыбыстаумен айналысамыз. 



К дыбысы артикуляциясын  көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға 

тілдің  ұшын  тіл  асты  желбезегінің  түбіне  тигізіп,  ауызды  сәл  жабыңқырап, 

ауызбен  дем  шығаруды    ұсынамыз.  Сәтсіздік  жағдай  туындаса,  дәстүрлі  К 

дыбысын Т –дан қою әдістемесін пайдаланамыз.  

Келесі  жұмыс  -    Г  дыбысын  қалыптастыру  .  Қалыптастырылып  жатқан 

дыбыстар біртіндеп №2 кестеге толтырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет