I теоретические основы логопедии


Ринолалиясы бар балалармен логопедиялық  жұмыс жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет88/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   256
Байланысты:
Logopedia

 

Ринолалиясы бар балалармен логопедиялық  жұмыс жүргізу әдістемесі 

 

Ашық  ринолалияда  операцияға  дейінгі  және  операциядан  кейінгі 

логопедиялық  жұмыстың  негізгі  міндеті  –  сөйлеу  тілінің  қалыпты 

дыбысталуын  қалыптастыру  болып  табылады,  яғни  мұрындық  ренксіз 

сөйлеуді  қалыптастыру.  Логопедиялық  әсердің  мұндай  бағыттылығы  қол 

жетерлік.  Операциядан  кейінгі  кезеңде  ауа  ағыны  мұрын  қуыстарынан  сәл 

шықса  да  дұрыс  артикуляцияға  тәрбиелеуге  және  оларды  анық  айтқызуға 

болады.  Операцияға дейін  алған  дағдылары  операциядан  кейін  де  сақталып, 

кейінгі жұмысты жеңілдетеді де, уақытты қысқартады. 

Ринолалиясы  бар  балалармен  жұмыс  кезіндегі  басты  шарт  –  сөйлеу 

аппаратының  сау  бөліктерін (төменгі  және  ортаңғы  бөлімдерін)  белсенділеу 

болып табылады. Логопедиялық әсер барысында жоғарғы ақаулы бөлімге аз 

салмақ түсуі керек. 

 

Ашық ринолалядағы логопедиялық түзету жұмысының негізгі қағидалары 



 

Ашық  ринолалиядағы  логопедиялық  жұмыс  қағидалары  аталмыш 

бұзылыстардың мәнінен және себептерінен тарайды: 

1.  әдістеменің негізінде физиологиялық тынысты қолдану қағидасы  

жатыр. Кейіннен тыныс алудың бұл түрі сөйлеу кезіндегі диафрагмальді ауыз 

арқылы дем шығарып тыныс алуға біртіндеп ауыстырылады; 

2.  сөйлеу кезіндегі тыныс алудың мұндай типін дамыту сөйлеу  тілі  

дыбыстарының  артикулемаларын  қалыптастырумен  бір  уақытта  жүргізіледі. 

Тыныс алуды және артикулеманы қалыптастырудың параллельділігі алғашқы 

сабақтарда-ақ сөйлеу тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға мүмкіндік береді; 

3.  ринолалиядағы дыбыс айтудың тотальді бұзылысы байқалады. Соған  

байланысты  логопедиялық  жұмыста  сөйлеу  тілінің  барлық  дыбыстарын 

дұрыс  айтқызып  қалыптастыруды  міндетті  түрде  қайтадан  бастау  қажет. 

Сөйлеу  тілінің  кейбір  дыбыстары  дыбысталуы  бойынша  дұрыс    болып 

көрінуі  мүмкін,  бірақ  бұл  дұрыс  емес,  себебі,  артикуляциялық  аппарат 

бұлшық  еттерінің  қатаюы  және  тілдің  дұрыс  емес  қалпы  қалыпты  (дұрыс) 

артикуляцияны  қамтамасыз  ете  алмайды.  Сондықтан  мұндай  дұрыс  болып 

көрінген дыбыстарды логопедиялық сабақтарда пайдалануға болмайды. 

Сонымен, ринолалиясы бар баламен жұмысты бастағанда, бала айта 



 

171 


алатын  барлық  дыбыстардан  бас  тартып,  жұмысты  қайтадан  бастау  қажет. 

Бұл жол біздің күшіміздің тиімділігін қамтамасыз етеді. 

4.  ринолалияда дыбыстар бойынша жұмыстың кезектілігі дыбыстардың  

артикуляциялық базасының дайындығымен белгіленеді. 

Сөйлеу  тілінің  дыбыстары  бір-біріне  тәуелді  және    бір  бірімен  байланысты, 

сондықтан,  дұрыс  айтылатын  дыбыстардың  бір  тобының  бар  болуы  басқа 

дыбыстар  топтарын  қалыптастырудың    туынды  базисі  болады.  Бар 

дыбыстардың  артикулемалары  жаңа  дыбыстар  тәрбиеленетін  қажетті  негізі 

болады. Жеке дыбыстарды қойғанда әртүрлі сүйеніш дыбыстарын қолдануға 

болады; 


      5. дыбыстың артикуляциялық  базасын дайындау арнайы 

артикуляциялық    гимнастика  арқылы  жүргізіледі.  Бұл  гимнастика  үнемі 

баланың сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамытумен кезектеліп жүргізіледі. 

Артикуляциялық  праксисті  дамытуға  арналған  жаттығулар  жүйесіндегі 

бастысы  –  сөйлеу  аппаратының  бұлшық  еттер    топтарының  физиологиялық 

өзара әрекеттерін қолдану, яғни олардың өзара  байланысын және бір-бірінен 

тәуелділігін пайдалану. 

Дыбыстардың 

негізгі 

артикуляциясына 

негіз 

болмайтын 



дөрекі 

артикуляциялық  жаттығуларды  (тілді  шығарып  ұстау,  тілді  шығарып 

жоғарғы ерінге тигізу т с.с.) қолданбау қажет, себебі олар жеке дыбыстардың 

артикуляциясын  бекітуге    қажетті    еркін  қозғалыстарға  мүлдем  сәйкес 

келмейді. 

Дыбысты  айтуға  қажет  қозғалыстарды  үйретіп,  жаттықтыру  қажет. 

Ескертетін  жағдай:  бала  көрсетілген  қимылды  оңай,  қиналмай  орындауы 

керек,  себебі,  қиналуы  сөйлеу  аппараты  бұлшық  еттерінің  басқа  топтарына  

берілуі мүмкін. 

Қосымша  артикуляциялық  жаттығуларды  қажетті  жағдайларда  және 

жекелеген жоспарда ғана қолдануға болады.  

Барлық қосымша жаттығулар физиологиялық еркін болып, бала қиындықсыз 

орындауы  қажет.  Олар  аралас  бұзылыстарда  жиі  қолданылады.  Мысалы, 

дизартрияның  ауыр    түрінде  ринолалиямен  күрделенген  жағдайда  массаж 

және механикалық көмек қолданылады. Оларды қолдану барысында қажетті 

бұлшық  еттер  қозғалыстары  дамып,  тілдің  бір  жағының  босаңсығанын 

түзетуге арналған қимылдар жасалып жаттықтырылады. 

6.  дыбысты  айтқызғанда  ең  алдымен  баланың  назары  дыбыстың 

артикулемасына  аударылады;  оның  ескі    үйренген  артикуляциясы  пайда 

болған  дұрыс  дыбыстың  бекуіне  кедергі  жасамау  үшін  баланың  назарын 

дыбысқа,  оны  естуге  аудармауымыз  керек.    Бала    алдын-ала  қай  дыбысты 

айту бойынша жұмыс жасалып жатқанын білуі керек. 

7. дұрыс сөйлеу дағдылары кейде логопед, кейде ата-анамен логопедтің 

басқаруымен бекітіліп отырады. Алғашқы  10-15 сабақтарда дұрыс сөйлеудің 

дағдыларын  қалыптастыруды  тек  логопед  жүргізеді,  яғни  балаға  үйге 

тапсырма  берілмейді.  Артикуляцияларды  бала  меңгерген  соң,  дыбыстардың 

әріп  таңбалары  еңгізіледі:  логопедпен  сабақта  орындалған  сөйлеу 

материалын ата-ананың қадағалауымен өзіндік сабақтарда бекітуге болады. 




 

172 


Жеке  дыбыстардың  айтылуын  бекіткеннен  кейін  оларды  логопед 

қадағалауымен сөзде, сөйлемдерде машықтандыру жұмысы жүргізіледі. 

Сабақтардағы  сөйлеу  көлемі  біртіндеп  кеңейеді,  контекстті  сөйлеу  тіліне 

дейін  күрделеніп,  соңғы  сөйлеу  дағдылары  диалог  ретінде  баламен  жаңа 

жағдайларда бекітіледі. 

Жоғарыдағы  қағидаларға  сәйкес  А.  Г.  Ипполитова  ринолалиясы  бар 

балалармен операцияға дейін және операциядан кейінгі кезеңде дұрыс сөйлеу 

тілін  дамытудың  әдістемесін  құрастырған.  Әдістемедегі  сабақтар  оңай  және 

физиологиялы,  баланы  жалықтырмайды,  логопедтің  еңбегін  едәуір 

жеңілдетеді де, логопедиялық сабақтардың уақытын қысқартады. 

 Жұмыс  сөйлеу  кезіндегі  дұрыс  тыныс  алуды  қалыптастыруға  және  бір 

уақытта дұрыс артикулемаларды құрастыруға негізделген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет