Операцияғы дейінгі кезендегі логопедиялық жұмыс
Кейінгі кезге дейін операцияға дейінгі кезеңде ашық ринолалияда
логопедиялық ықпал ету қолданылмады, немесе тек айтылып жүрді.
Сабақтар негізінен операция жасалған науқастармен жүргізілді. Операциядан
соң анатомиялық ақау толық немесе жартылай жойылды, бірақ сөйлеу тілі
қажетті нәтижеге жетпеді.
Уранопластика операциясын кеш жасау, оның сөйлеу тілінің жетілуіне
толықсыз нәтижесі, операциядан кейінгі кездегі логопедиялық әсердің
ұзақтылығы және көптеген басқа себептері операциядан кейінгі
логопедиялық ықпалының уақытын қайта қарап, операцияға дейінгі кезде
логопедиялық жұмыстың жемісті жолдарын іздеуге әкелді.
Ринолалиядағы сөйлеу тілі ақаулығы таңдай жарықшақтарының болуымен
және ауыз қуысындағы тілдің қате қалпы, артикуляциялық аппарат бұлшық
еттерінің өзара жұмысының бұзылуымен күрделенген болса, кейінгі екі
ақаудың түзету (ауыз қуысындағы тілдің дұрыс емес қалпы және
артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің өзара байланысының бұзылуы)
операцияға дейін мүмкін және де сөйлеу тілінің жақсаруына ықпал етеді.
Сонымен, операцияға дейінгі дұрыс сөйлеуді қалыптастыруға жағдай
жасауға болады. Егер науқаста анатомиялық ақау және де белгілі бір
психологиялық ерекшеліктері болса операцияға дейінгі логопедиялық көмек
көрсетіледі. Сондықтан, жұмыс кезінде дұрыс сөйлеудің қалыптасуы,
тұлғаның дамуының түзетілуі ескеріледі.
Ринолалияда дұрыс сөйлеуді қалыптастыру (дыбыс айту бойынша жұмыс)
ауыз арқылы бағытты тыныс алуға тәрбиелеуді сөйлеу тілі дыбыстарының
дұрыс артикулемаларын бір уақытта жасаумен кезектеледі. Логопедиялық
әсер процесі екі кезеңге бөлінеді.
Дайындық кезеңі.
Бұл кезең сабақтарының негізгі мақсаты – сөйлеу кезіндегі тыныс алуды
қалыптастырумен қатар артикулемаларды меңгерту.
Кезеңді шартты түрде екі бөлімге бөлуге болады:
а) ауыз және мұрын арқылы тыныс алуды ажырату және қалыптастыру;
173
ә) дауысты дыбыстар және фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар
артикулемаларын айтқанда (дауысты қоспай) ауыз арқылы ұзақ дем
шығаруды қалыптастыру.
А. Сөйлеу кезінде тыныс алуды қалыптастыру. Сөйлеу кезіндегі тыныс
алуды қалыптастыру баламен жұмыс жасау барысында жүргізіледі.
Дайындық кезеңінде бұл жұмыс ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды
қалыптастырумен ғана шектеледі.
Жұмыстың бұл жүйесінің негізінде физиологиялық тыныс алуды
пайдалану, сөйлеу кезіндегі қозғалыстарды қиналмай ажырату және
физиологиялық табиғи ажырату жатыр. Дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыруда
тиімді тыныс алу –ол диафрагмальді (қабырға астылық) тыныс алу.
1 кезең. Оқытудың басында баланың физиологиялық тыныс алуын белгілеу
қажет. Ол үшін логопед өз алақанын баланың белінен жоғары бүйір жағына
қояды. Баланың тыныс алу қабырға астылық болатын болса, логопед өз
тыныс алуын оның тыныс алу ритміне сәйкес етіп, жұмысты бастайды. Егер
балада жоғарғы бұғаналық немесе кеуделік тыныс алу болса қабырға
астылық тыныс алуды еліктеу арқылы қалыптастыру керек. Ол үшін баланың
алақанын өз бүйіріне басып, логопед өз алақанымен баланың тыныс алуын
тексереді. Бала логопедтің дем алу кезіндегі қабырғалардың қозғалысын
сезініп, қабырға астылық тыныс алуға ауысады. Ауыз ашық кезіндегі
сабырлы дұрыс тыныс алу пайда бола салысымен ауыз арқылы және мұрын
арқылы тыныс алуды ажыратуға көшуге болады. Оқушыға тыныс алып, дем
шығарудың әртүрлері болып келетіндігі туралы айтып түсіндіру қажет: ауыз
жабық кезде тыныс алу мен тыныс шығару мұрын арқылы жасалады; ауыз
ашық кезде тыныс алумен тыныс шығарудың әр түрлі үйлесулері болуы
мүмкін. Мұндай түсіндіруден кейін балаға нақты тыныс алу жаттығуларын
орындау ұсынылады. Оларды орындау кезектілігі суреттермен баланың
дәптеріндегі №1 кесте бойынша қадағаланады.
№1 кесте
Тыныс алу (тыныс шығару)
Тыныс шығару (суреттер)
Мұрын
Ауыз
Мұрын
Ауыз
Мұрын
Мұрын
Ауыз
Ауыз
Бұл жаттығулардың мақсаты – дем алып, дем шығарудың әр түрін жаттау
барысында диафрагмальді тыныс алу және біртіндеп сабырлы дем шығару.
Сонымен бірге, бұл жаттығулар тыныс алудан кейінгі кідірістен кейін тыныс
алудағы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың ритміне негіз болады. Сөйлеу
кезіндегі кідірісті қалыптастыру ішкі себептермен пайда болады, себебі бала
тыныс шығаруын тоқтатып, назарын демді қалай шығару екендігіне
аударады: тыныс алудан тыныс шығаруға көшкенде мұрын арқылы ма, әлде
ауыз арқылы ма. Кейін дауысты дауыссыз дыбыстарды айтқызып үйрету
кезінде бұл кідіріс уақыт бойынша созылады және бекітіледі. Ал, буындар,
174
сөздер, сөз тірекестеріне көшкен кезде ол толығымен қалыпты болады да,
сөйлеу кезіндегі дұрыс тынысты қамтамасыз етеді.
Мұндай жаттығулар кезінде баланы тыныс алып, тыныс шығару кезіндегі
ауыз қуысы және жұтқыншақ қуысының кілегейлі қабықтары арқылы өтетін
бағытты ауа ағының сезінуге үйрету қажет. Ауыз арқылы шығатын ауа
ағынының бағытын тегіс қағаз бетіне қойылған мақтаның қозғалысымен
немесе тыныс шығарғанда алақанды ауызға тақап ұстау арқылы
қадағалайды.. Осы кезде бала ауа ағынының бағытын бақылап, логопедтің
айтуы бойынша түзетіп, өзгертіп отыра алады. Мұндай дем шығару ауыз
арқылы толық, сабырлы тыныс шығарудың бағыттылығын қалыптастырады.
Бұл әдістеме тыныс алуды дамытуға арналған логопедиялық тәжірибеде жиі
қолданылатын арнайы жаттығуларды жүргізуді көздемейді (мақтаны үрлеу,
рәзеңке ойыншықтарды үрлеу т с.с.), себебі тыныс алудың мұндай түрлерінің
сөйлеу тіліне ешбір қатысы жоқ. Сондай-ақ, бұл жаттығуларды орындау
барысында бала қиналып жасайды, ал бұл жағдай оның сөйлеу тіліне зиянды.
Себебі сөйлеу аппаратының бұлшық еттеріне беріліп, артикуляцияны
ауырлатады.
Баланың назары үнемі сөйлеу кезіндегі тыныс шығарудың бағытына,
артикуляция мүшелерінің қалпына аударылып отырады. Аыз арқылы дұрыс
тыныс шығаруды ұйымдастыру үшін ауыз қуысындағы тілдің қалпын
өзгерту қажет.
Дем шығарудың түрлерін үйрету кезінде-ақ баланың назары бірден
артикуляция мүшелерінің қалпына аударылады: ауыз арқылы тыныс
шығарғанда тілдің ұшын алдыңғы төменгі күрек тістерге тіреп, ауызды
есінегендегідей ашып ұстау.
Тілдің түбірі төмен түсуі керек. Тілдің ұшының алдыңғы астыңғы күрек
тістерге қарай жылжуы тілдің түбірін қажетті қалыпқа дейін төмен түсірмесе,
уақытша тілді тістер арасынан шығарып, тілдің түбірін шпательмен басуға
болады (шпатель ең соңғы жағдайда қолданылады).
Тілдің түбірі төмен болғандағы ауыз арқылы дұрыс тыныс шығару
нәтижесінде бала кез-келген дыбысты анық (мұрын арқылы емес) айтып,
кейіннен сөйлеу тілінде де, қалыптастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |