3 кезең. Дауыссыз дыбыстармен жұмыс: л,р,н,ң,м –сонорлар тобы және
аффрикат-ц, ч дыбыстарын қалыптастыру.
Жуан л дыбысының артикуляциясы күрделі. Л дыбысының жуан айтылуы
тілдің түбінің жоғары жеткілікті көтерілуіне байланысты. Осындай көтерілу
дауысты ы дыбысын айтқанда да пайда болады. Сондықтан, ы дыбысын жуан
л дыбысын үйрету кезінде сүйеніш қылып алуға болады. Тілдің ұшын жоғары
көтеріп, жоғарғы тістер артына жабыстырып, бір уақытта ы дыбысын айту
нәтижесінде жуан л шығады. Дем шығару ауыз арқылы өтуін қадағалау
қажет. (Ауа ағынын ауыз қуысының екі жағынан да тексеру қажет, себебі бұл
дыбыс жабысыңқы-өтпелі).
Ц және р дыбыстарына арналған дайындық жаттығуларын жасау кезіне дейін
ауызбен дұрыс дем шығару дағдысы бекітіледі, сондықтан бұл дыбыстарды
еліктеу арқылы айтқызуға болады.
Ц дыбысын айтқызу үшін логопед тілдің қалпын сипаттап айтып көрсетеді,
кейіннен дыбысты айтады. Бұл кезде баланың 1-ші, 2-ші саусақтары
логопедтің ауыз ұрттарына қойылады да, логопед ц дыбысын созып айтады.
Бала өз қолымен ауыз ұрттарының белсенді түрде жылжуын және
екпінділігін, белсенді дем шығаруын сезінеді. Бұл тәсіл үнемі ц дыбысын
қоюға тиімді болып келеді. Ц дыбысын т дыбысынан қоюға да болады. Бала
бірнеше рет т дыбысын айтады, ал логопед осы кезде тілдің ұшының орта
беліндегі қабысуды зондпен сәл төмен жылжытып үзеді.
Р дыбысы үшін дайындық жаттығуларды ерте бастауға болады. Ол
логопедтің осы дыбысты айтқызуда қай жолды тиімді деп ойлайтынына
байланысты. Р дыбысын з дыбысынан жоғарғы артикуляциядан дз деп
айтқызып, шарикті зондпен тез тіл ұшын дірілдету арқылы қоюға болады.
Р дыбысын ц дыбысынан қою тәсілін де қолдануға болады. Балаға ц дыбысы
қойыла салысымен, тілді таңдайға жапсырып, осы қалыпта ұстай білгізу;
кейін бала тілді таңдайдан үзіп алмай, сәл ішке қарай таңдаймен сырғытып
тез ц дыбысын айтады. Ауызбен дұрыс дем шығарғанда бұл тәсіл қатаң р
дыбысының пайда болуына әкеледі.
Қатаң р дыбысына дауыс қосылады (бала ц дыбысын айтудың барлық
жағдайын ескеріп дз-дз-дз –деп айтады). Барлық аталғанды ескерген
жағдайда бұл тәсіл арқылы р дыбысын механикалық тәсілсіз қоюға болады.
Р дыбысын Ж дыбысынан немесе дж арқылы қоюға болады.
М және Н дыбыстары көбінесе бұзылмайды. Оларды айту кезіндегі ауызбен
дем шығарудың жоқтығын айтып №2 кестеге жазып қоюға болады.
182
М және Н дыбыстарын бұдан ерте үйрету зиянды болуы мүмкін, себебі олар
ауызбен дұрыс дем шығаруға кедергі жасайды; әсіресе осы дыбыстардан
кейін тұрған дауыстыларға. Жуан дыбыстар бойынша жұмысты аяқтап №2
кестені толық толтырамыз.
4 кезең. Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.
Жіңішке дыбыстарды үйрету кезеңінде бала өз айтуында барлық жуан
дыбыстарды естіп үйренуі қажет (дәптерде олар әріптермен белгіленген).
Жіңішке дыбыстармен жұмыс міндеттері алдын-ала балаға түсіндіріледі.
Қосымша бұзылыстар (кереңдік, мүкіс құлақтық, дизартрия т.б.) жоқ болған
жағдайда балаға жіңішке дыбыстарды үйрету қиынға түспейді. Көбінесе олар
ішкі себептермен пайда болады. Бірақ қиындықтар да, болуы мүмкін.
Жіңішке
дыбыстарды
айту
тілдің
арқасының
орта
жағының
артикуляциядағы қатысымен сипатталады. Жуан және жіңішке дыбыстар
еріндердің зорлану деңгейімен ажыратылады (айрмашылығы бар).
Сондай-ақ, төменгі артикуляцияның дыбыстары жіңішкертілгенде төменгі
ерін белсенді (зорлықпен айтылады), ал, жоғарғы артикуляцияның
дыбыстарында – жоғарғы ерін. Бұл құбылыс жіңішке дыбыстарды
қалыптастыруда қолданылады. Ерекше назар еріндердің белсенділігіне
аудару қажет (ұртты, ауыз бұрыштарын жылжыту). Еріндер қозғалысының
симметриясына назар аудару қажет.
Жіңішке дыбыстар ауыз бұрыштарын жеткілікті түрде толық жылжытқанда
пайда болады, әрі балаға жіңішке дыбыстарды ауыз бұрыштарын сәл
ұзағырақ жылжытып көрсетуге болады. Жіңішке дыбыстармен жұмыс
кезектілігін жуан дыбыстардағыдай.
Достарыңызбен бөлісу: |