I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет95/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Щ дыбысының артикуляциясын қалыптастыру жұмысына жеке тоқталайық.. 

Щ  дыбысын  қою  үшін  жіңішке  с  дыбысын  қолдануға  болады.  Оны  айта 

отырып  ауыз  бұрыштарын  басып,  механикалық  түрде  еріндерді  (сь 

дыбысының  орнына    щ    айтылғанша)  алға  қарай  қозғалту  (жылжыту).  Бұл 

артикуляциялық  қалып  бектіледі.  Бастапқы  қалып  ретінде    ш    дыбысының 

артикуляциясын пайдалануға болады. Баланың назары ш дыбысын айтқанда 

тіл өте жоғары көтерілетіні, ал, қазіргі жағдаййда тілді жоғарғы альвеолдарға 

жылжытып, еріндерді екі жаққа сәл жылжытып  ш  дыбысындағыдай тыныс 

шығару. Логопед ауыз бұрыштарының (ұрттардың) жылжу деңгейін өзгертіп 

отыра алады. 

Жіңішке  дыбыстар  бойынша  №3  кестеде  белгіленеді,  жуан  және  жіңішке 

дыбыстардың артикуляциясы салыстырылады.  

 

№3 кесте 



Дем алу 

Дауыссыз 

дем шығару 

Дем алу 


Дауыспен 

дем 


шығару 

Ауыз суреті 

Ф    ФЬ 

Ауыз суреті 

В   ВЬ 

 

 Қойылған 



дыбыстар 

балаға 


түсінікті 

сөйлеу 


материалында 

машықтандырылады. 




 

183 


2 кезеңде дыбыстарды белсенді түрде машықтандыру және ажырату жұмысы 

жүргізіледі.  Дұрыс  сөйлеуге    үйрету  барысында  сауаттылыққа  үйрету 

элементтері  еңгізіледі.  Әсіресе,  ол  дыбыстар  мен  әріптерді  ажыратуда 

маңызды,  себебі,  мұның  бәрі    фонематикалық  қабылдауды  дамытуға  және 

дисграфияның алдын алуға мүмкіндік туғызады. 

 Оқу  материалын  көп  қайталау  нәтижесінде  бала  ешбір  қиындықсыз 

сауаттылық элементтерін меңгереді. 

Сонымен,  жұмыстың  негізгі  (2-ші)  кезеңі  барысында  бала  сөйлеу  тілінің 

барлық  дыбыстарын  меңгереді.  Бұл  кезеңде  дыбыстарды  меңгеру  және 

ажырату  кезектілігін  белгілейтін  №2,  №3  күрделенген  кестелер 

қолданылады. 

Осы кезеңдегі жұмыс ерекшеліктері төмендегідей болып табылады: 

1)  артикуляция  мен тыныс алу бойынша жұмыстың параллелділігі; 

2)  баланың өзі дыбыстарды айтуын саналы түрде естіп қадағалауы; 

3)  танысып  жатқан  дыбыстарды    әріп    таңбаларымен  белгілеу,  кейіннен 

сауаттылыққа үйретуге дайындық; 

4)  дыбыстарды  әр  түрлі  материалдарда  машықтандыру  және  ажырату 

(буын, сөз, сөйлем, мәтін); 

5)  дисграфияның алдын алу. 

 

Дыбыс айтуды түзетудегі дыбыстардың байланысы 

Берілген жүйеде дыбыстар бойынша жұмыстың белгілі кезектілігі  

ескеріледі: 

Дауыстылар         а,э,о,ы,ү,ұ,у,и               я,е,е,ю                             Й      

 

таза                     дауыстылардың                         J   дыбысы 



                          J дыбысымен 

                          үйлестірілуі 

жуан  

дауыссыздар          ф,с,ш,щ,х 



 

                               п,т,қ,к,ц,ч 

                                в,з,ж, 

 

                                б,д,г,ғ, 

                               л,р,м,н,ң 

жіңішкелер             сол кезектілікте 

 

Дыбыстар бойынша жұмыс жүйесінде балалардың мүмкіндіктерін ескеріп әр 



түрлі бастапқы сүйеніш дыбыстар пайдаланылады. 

 Сүйеніш  дыбыстар  тізбегін    сызба  ретінде  көрсетуге  болады.  Барлық 

дыбыстарды екі топқа бөліп,  оған сәйкес екі  сызба көрсетуге болады. 

1-ші  сызбада  –  сүйеніш  дыбыстарды  сонор:  л,р,м,н,ң  және  дауыстылар 

тобында қолдану мүмкіндіктері көрсетілген; 

2-ші сызбада – л,р,м,н,ң-дан басқа дауыссыздар көрсетілген. Бірінші топ үшін 

бастапқы дыбыстар: а және э



 

184 


 А  дыбысынан  еріндерді  алға  жылжытып  тілді  артқа  қозғалту  арқылы  о 

дыбысын  айтқызамыз;  еріндерді  алға  (піл  тұмсығы  тәрізді)  қатты  жылжыту 

және тілдің ауыз қуысына терең орналастыру арқылы  у  дыбысын қоямыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет