«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет63/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Бетке  массаж    жасау.  Беттің    терісі  өте  жұқа  нәзік  келеді.  Онда  тері  және  май  бездері  жиі 

орналасқан.  Тері  астындағы  шелді  қабат  борпылдақ,  жылжымалы,  тек  иектің  асты  ғана  қатқылдау. 

Шелді қабатта қан тамырлары мен нерв жүйелері, бұлшық ет талшықтары кездеседі.  

Мимикалық бұлшық еттер көздің, мұрынның, ауыздың, құлақтың айналасына орналасқан. Осы 

бұлшық еттер қайғыру, қуану, күлу, ренжу сияқты құбылыстарды  бет арқылы білдіреді.  

 Ал  тамақ  шайнауға  қатысатын  бұлшық  еттер  жақ  сүйектерінің  қимыл  қозғалысын  іске 

асырады.  

Бетке  келетін  қан  тамырлары  күре  тамырдан,  көз  артирасынан  өз  бастамасын  алады.  Көк 

тамырлар беттен жиналып, бастың үлкен веналарын құрайды.  

Лимфа тамырлары беттің ортасынан шетке қарай бағытталады. Мұндайда олар шаштың үстіне 

қатарласа  орналасады  да,  самайға  келгенде  төмен  –  құлаққа  жақтың  бұрышына  қарай  құлдилайды.  

Мұрын,  көз,  беттің  жоғарғы  жағындағы  тамырларда  осы  бағытта  ағады.  Ерін  айналасындағы  беттің 

төменгі  жағындағы  жақ  сүйегінен  асып  иектің  астына  ығысады.  Содан  барып  барлығы  төс 

тамырларына қосылады.  

Беттегі  нерв  талшықтары  (ішкіл  және  бет  нервтерінен)  беттегі  бұлшық  еттердің  қимыл 

қозғалысына әсер етеді.  

Бетке  массаж  жасау  косметикалық  тәжірибеде,  жиі  қолданылады  және  бет  нервтері 

зақымдағанда  жасалады.  Әрқайсысында  массаждың  методикасы  әртүрлі.  Дегенмен  бәріне  ортақ  бір 

есеп, ортақ тәсілдер бар. Соларға тоқтала кетейік. 

Массаж  жасағанда  беттегі  нерв  талшықтарына,  бұлшық  еттерге  және  өзіне  үлкен  әсер  етеді. 

Белгілі тәсілдермен сипау, ысқылау, жұмсарту, дірілдету, бәрі қолданылады. Беттің терісі массаждау 

оның бұлшық етін массаждау деген сөз. Оларды жекелеп алу мүмкін емес. Тіпті бұлшық етті өзінің бір 

– бірінен айырып жасауға болмайды. Тек маңдайдағы, жақ, квадрат бөлшек еттерінен арнайы массаж 

жасауға болады.  

Бетке   массаж жасаудың түрлі схемасы бар. Әр дәуідің өзінің өзгешілігі сияқты бет массажына 

да айырмашылық кездеседі. 1953 жылы В.К. Кремаренко өз тәсілін қолдануды ұсынса, 1866 жылдың 

өзінде А.И. Паспелов массаж жолдарын ұсынады.  

Массаж  екі  қолдың  2-5  саусақтармен  ,  әйтпесе  3  –  4  саусақтармен  орындалады.  Бас  бармақ 

үнемі  тірек  ретінде  жүріп  отырады.  Маңдай  ,  самай,  терілерін  аталған  саусақтармен  немесе  екі 

алақанмен ортасын басқан екі шекеге қарай бағыттайды. Самайға келгенде шиыршық жасайды. Одан 

соң маңдайды қабақтың үстінен бастап, шаштың үстіне қарай  сипайды. (екі алақанмен алма – кезек.). 

Бетте  әжім  болса  оны  қолдануға  болмайды.  Сипап  болған  соң  тағы  сол  бағыттармен  ақырыны 

ысқылайды.  Онда  түзу  сызықпен  иректей  спираль  тектес  қимылдар  жасайды.  Жұмсарту  тәсілі  екі 

саусақпен  басу  немесе  арасында  теріні  қысу  арқылы  орынадалады.  Сол  сияқты  дірілдету  үздіксіз 

қарқынмен немесе пунктирлі сызықша салумен атқарылады.  

Көздің  айналасындағы  бұлшық  еттер,  теріні  сипау  үшін  адам  көзін  жұмып  отырады.  Көздің 

үстін  екі  саусақпен  іш  жағынан  самайға  қарай,  ал  астын  керісінше  мұрынға  қарай  сипайды.  Мұнда 

қастың үстінен екінші саусақ , ал астынан үшінші саусақ жүреді.  Қабақта өте нәзік, теріні  жиырмай 

байыппен, асықпай сипайды. Иекті қаттырақ шыр айнала артынан сипап ысқылайды.  

Үстіңгі  ерінді  массаж  жасағанда  үшінші  ,  төртінші  саусақтармен  езуден  бастап  мұрын 

желбезегіне  дейін,  одан  мұрын  ұшына жеткізе    сипайды.  Мұрын  үстінің  ұшынан  бастап,  екі  қастың 

ортасына  дейін  сипап,  артынан  ысқылайды.  Самайдың  тұсына  саусақтың  ұшымен,  бірнеше  рет 

дірілдетіп массажды бір толастатады.  

Бетті тұтас сипағанда алақанмен иекті қамти ұстайды. Мұнда бас бармақтар екі қолдың иектің 

астында, ал басқалары мұрынды жауып тұрады. Осы қалыппен екі қол жаққа құлақтың түбіне қарай 

қозғалады.  

Екінші,  бесінші  саусақтардың  сыртымен  астыңғы  жақ  сүйегінен  бастап  мұрынға  дейін 

ысқылайды.  




Жұмсарту  тәсілін  бірінші  ,  екінші  саусақтармен  ақырын,  жеңіл  үстіртін  ғана  бет  терісін  қысу 

арқылы    нығарлап  басу  арқылы  өткізеді.    Қара  өріктің  етінен  сүйегін  қысып  шығарғандай  қимыл 

жасайды. Тек бет терісін шымшуға болмайды. Ол өте нәзік, көгеріп қалуы мүмкін.  

Құлаққа  да  массаж  жасайды.  Алдымен,  сырғылықты,  одан  соң  шеміршекті  екі  саусақтың 

ұшымен  сипап  шығады.  Жұмсарту  үшін  оны  үздік  –  үздік  саусақтардың  арасында  батырыңқырап 

басады,қысады. 

Әр тәсілді 3-4 рет қайталайды, арасында сипап отырады.  

Бетке массаж жасау үлкен шеберлікті, мұқият зеректікті қажет етеді. Дұрыс жасалмаған массаж 

теріні  бей  –  берекет  созып,    әжімді  созады.  Жасы  ұлғайған  адамдардың  терісі  тіпті  нәзік  болады, 

өйткені оларда судың, басқа пайдалы заттардың мөлшері аз,  сондықтан құрап тұрған жапырақ сияқты 

бір  артық  қимыл  жасаса,  әжім  түсіп,  кейбір  жері  салбырап,  созылып  қалады.  Осындай  өкінішке 

ұрынбас  үшін  терінің  қандай  екенін,  анықтап  алу  керек  .  Майлы  ма,  әлде  құрғақ  па  тек  осыдан  соң 

массажды қолданады. Бет терісіне жағатын майларды да айыра білу керек. Бетті дұрыс күту үшін өз 

бетінше  ,  массаж  жасағанда  ,  міндетті  түрде  косметолог  –  маманмен  кеңесу  керек.  Ал  егер  бет 

терісінде  ауру болса, онда дерматологқа, нерв талшықтары не нерв ұштары қабынса, неврапатологқа, 

қаралады. Қалайда, өз бетінше ем бастау қате. Тек мамандардың кеңесінен кейін бет терісіне массаж 

жасауға кірісуге болады. 

  Бетті массаждау мойынмен қатар жүреді. Тек алдымен теріні мұқият тазалап алады.  Ол үшін 

сабынды  сумен  жақсылап  жуады  немесе  спирттің  ерітіндісімен,  сондай-ақ  лосьенмен  сүртіп 

тазалайды.  

Бет    терісі  суыққа  ұрынып  әр  түрлі  бөрткендер,  безеулер  шықса  оны  кетіру  үшін  ыстық 

компреспен жылытады. Тіпті болмаса булайды. Ол үшін 5-10 минут 45-50 градус ыстық будың үстіне 

бетін тосып отырады. Әр түрлі шөптерді, картопты қайнатып, соның буына ұстаған да қолайлы.  

Бет терісін түршіктірмес үшін алғашқы күндері аз ғана уақыт, өте нәзік массаж жасайды. Тері 

қатпарланбай, жиырылмай жазық қалпында,қалуы керек. Әсіресе ақшыл тері  жұқа келеді, сондықтан 

оған массаж, жасағанда абай болуы, тек жеңіл түрін ғана қолданады.  

Массаж  үстінде  екі  қол  бірдей  қимылдауы  керек.  Олардың  күші,  жылдамдығы,  қуаты  бірдей 

болмаса, массаж жөндеп қабылданбайды. Терісі жақсы жастар  бетке массажды екі рет, ал егде тартқан 

әжім басқан бетке аптасына 1 рет алса жеткілікті.  

Ең  алғашқы  массаж  5-6  минут  болады,  келесі  күні  10-12  минутқа  созылады.  Массаж  тиімді 

болуы  үшін,  мимикалық  бұлшық  етке  арнайы  жаттығулар  жасайды.  Екеуі  қосылып  бірге  өткізілсе, 

пайдасы да мол болады.  

Жоғарыда сөз болып отырған массаж көбінде, косметикалық тұрғыдан және тері ауруларында 

қолданылады.  

Егер  бет  не  беттегі  нерв  талшықтары  зақымданса  онда  оған  өте  жоғары  сақтық  керек. 

Массаждың  алдында  бетті  тазаламайды,  еш  нәрсемен  майламайды,  ал  булау  туралы  мүлде  сөз 

болмайды. Оның өзінің емдеу тәсілдері бар (инемен, балшықпен, дәрі-дәрмекпен, нүктелі массажбен.)   

Массажды қандай мақсатпен жасағанда да, оның бұлшық еттерін толық, босаңсыту алғы шарт. 

Онсыз  масаждың  да  құны  жоқ.  Бетке  массаж  жасау  әркімнің  қолынан  келе  бермейді.  Оған 

медициналық білім, шыдамдылық, массаждың методикасын жете білу керек.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет