«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет64/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Мойынға  массаж  жасау.  Мойынның  терісі  алдыңғы  жағы  өте  нәзік,  жұқа,  ал  желке  жағы 

қалың болып келеді. Екі қапталында тері және тері астындағы шелді қабат бұлшық етпен бірге бітіп 

кеткен. Әсіресе, екі жақтан белдеуленіп шығып тұрған, білік сияқты, қиғаштай  тартылған, бұғана  – 

төс – емізікше бұлшық еттің үстін мойын еті жауып жатыр. 

Мойында ірі қан  тамырлары және лимфа түйіндері мейлінше көп орналасқан.  

Массаж  жасағанда  тек  мойынның  терісі  емес,  көмей,  көмейге  екі  қырына,  қырына  қатысты 

тамырлар мен нервтер, бұлшық еттер – бәрі қамтылады. Мойынның жұмсақ етін массаждау үшін, ауру 

адам басын артқа жіберіп орындыққа  отырады. Массаж жасаушы алдына не жанына орналасады. 

Массажды алдымен мойынның екі қырына, содан соң алдына не желкесіне көшеді.  

Кейбір ғалымдар массажды мойынға бір қолмен жасау керек деген қағидаға жүгінеді, өйткені 

екі қолмен екпінді қимыл жасағанда әлсіз адамдардың басы айналып, көзі қарауытып кетеді. 

Көп  зерттеушілер,  керісінше,  массажды  екі  қолмен  жасаудың  ауру  адамға  тигізер  пайдасы 

әлдеқайда мойынның екі жағына қойып, шаштың түбінен төмен қарай  қалқанша безге, төс ойығына 

дейін сипап өтеді. Бұл кезде саусақ құлақтың түбінде, басқалары жақтың бұрышында, ал бас бармақ 

қарама – қарсы жағына орналасады да жоғары да айтқан қимылды жасайды. 



Екі  қолмен  бірдей  массаж  жасағанда  бастапқыда  бас  бармақтар  бір  –  бірімен  түйіседі,  ал  төс 

ойығына  жеткенде  сұқ  саусақтар  өзара  кездеседі.  Егер  мойын  терісі  болса,  салбырап  тұрса,  онда 

массажды  төс  ойығынан  бастап  жоғары  қарай  құлақтың  түбіне  дейін  әкеледі.  Алдымен  осы  жолмен 

сипап  өтеді,  кейін  бұғана  –  төс  –  емізікше  бұлшық  етін  екі  саусақпен  қысып  жұмсартады.  Мойын 

бұлшық етіне ысқылау, жұмсарту тәсілдерін қолданғанда арасында сипап отырады. 

Мойынның  екі  қапталын,  желке  жағын  массаждағанда,  массаж  жасаушы  аурудың  артына 

орналасады.  Саусақтардың  қимыл  қозғалысы  жеңіл  жоғарыдан  төмен  қарай  жылдам  ырғақпен 

орындалады. 

1-2 саусақтардың ұшымен 3-5 минут жақтың бұрышынан иектің астына дейін жылдам-жылдам 

сипау арқылы баспа ауруының алдын алуға болады. 

Мойынға  массаж  жасағанда  адам  еркін  дем  алу  керек.  Массаж  жасаушы  төс  ойығына  қолын 

батырмай, нерв талшықтарын түршіктірмей өте нәзік орындау керек. Олай болмаса адамның  жүрегі 

айнып,  лоқсып,  құсып  жіберуі  ықтимал.  Оқытса  тілдің  астындағы  сүйекке  басып  қалса  ,  адам  қатты 

жөтеледі. Сондықтан оны абайлаған жөн.  

Қиғаш  жатқан  бұғана  –  төс  –  емізікше  бұлшық  етін  босаңсыту  үшін  басты  бір  жағына  бұрса 

болғаны.  

Мойынға  жасайтын  массаж  емдік  гимнастикамен  бірге  жүрсе  (басты  алға  –артқа  иіп,  оңға  – 

солға  бұрып,  шыр  айналдырып  т.б.  )  тіпті  жақсы  болады.  Жаттығулар  жинағын  массажға  дейін  де, 

кейін де өткізе береді. Әр қимылды тек екі рет орындайды,тодан асып кетсе бас айналуы мүмкін. Ал 

остеохондрозда  одан  басқа  да  жағымсыз  әрекеттер  де  кездесіп  қалады.    Ми  қан  тамырлары  склероз 

болып зақымданса, мойын қозғалысын аяқ – қол жаттығулармен бірге өткізген өте пайдалы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет