Иық буына мен иықтың үстін массаждау. Ғалымдардың біреуі иықтың үстінен бастап
буынға келу керек десе, екінші тоқпақ жіліктің еттерінен бастаған дұыс деген тұжырымдарды айтады.
Иық немесе тоқпақ жілік еттері жақсы жетілген, сондықтан массаж жасаушы мұнда массаждың
барлық тәсілін қолдануна мүмкіндік бар. Алдымен алақанмен қапсыра ұстап, үздіксіз сипап шығады,
одан соң саусақтардың ұшымен не алақанның білезік тірегімен ысқылайды, артынша жұмарлап
жұмсартады.
Екібасты бұлшық етті массаждағанда білектен бастап жоғары дельта тәрізді бұлшық еттің
етегіне дейін жетеді. Алақанмен екібасты бұлшық етті қысып ұстап алып жоғары жылжыған кезде бас
бармақ оның сыртқы саласымен, ал төрт саусақ ішкі саласымен қозғалады. Қолтық астанында
саусақтар өзара түйіседі. Ішкі саламен жылжитын төрт саусақ аса көп күш түсірмейді, өйткені ол
жерден қан тамырлары мен нерв талшықтары өтеді.
Үшбасты бұлшық ет иықтың сыртынды орналасқан. Оны да жоғарыдағы тәсілмен, сол бағытта
массаждайды. Массаж жасаушы бір қолмен білектін не шынтақ буынын бүгіп ұстап тұрады, ал екінші
қолмен буыннан бастап аурудың иығына дейін алақанмен сипайды, ысқылайды, жұмсартады.
Кейде екі қолмен бірдей иық бұлшық етін тұтас массаждап шығады. Онда массаж жасаушы
науқастың алдына отырады да өз иығына оның қолын салады, сол кезде бұлшық еттердің бәрі
босаңсиды. Содан соң екі алақанмен қапсыра ұстап жоғарыдан төмен барлық бұлшық еттерге сипау,
ысқылау, жұмсарту, шайқау, жұмарлау т.б. сияқты тәсілдерді кеңінен колдана отырып массаждайды.
Иық буыны тоқпақ жіліктің басы мен жауырын ойындысынан құралған. Буын қабы жұқа,
үстінен бос жауып тұрады. Оның сүйекаралық қуысынан екібасты бұлшық еттің сіңірі өтеді. Буын жан
жағынан бұлшық еттермен жабылып жатады. Әсіресе, дельта тәрізді етпен алдынан және үстінен
көмкеріліп тұрады.
Осы буынға массаж жасау үшін науқас столдың қасына отырып, қолын алдына ұстайды.
Алдымен иықтың үстін, содан кейін буынды алдынан, астынан массаждайды. Буынды жан
жағынан сипаған соң, әр түрлі әдістермен ысқылайды. Массаж емдік гимнастикамен бірге
тағайындалады: иықты жоғары көтеріп, төмен түсіреді, алға-артқа қозғап, шыр айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |