Арқа бұлшық етіне массаж жасау. Омыртқа жотасының маңындағы бұлшық еттер
нығыздығымен , тығыздығымен белгілі болса, екі қапталды еттер жылжымалы қасиетімен көзге
түседі.
Арқа бұлшық еттерінің үстіңгі қабатында трапеция тәрізді және жалпақ бұлшық еттер, ал
тереңінде ұзын бұлшық ет орналасқан. Олардың ерекшелігі, бәрі, де сүйекке жабысып қалған,
сондықтан тартып жоғары көтеру мүмкін емес.
Қан тамырлары мен нерв талшықтары бір – бірімен айқасып, араласып, байланысып жатады.
Ғалымдардың айтуынша, арқаға ерсілі – қарсылы, ағып жатқан лимфа тамырлары бар. Сондықтан
массаж жасағанда қолды төменнен жоғары, жоғарыдан төмен жүргізе беруге болады.
Массаж жасау үшін адамды етбетінен жатқызады, екі қол екі жанында, басы аласа жастықта,
іштің астына жастық немесе білік салып қояды. Сонда арқаның еттері толық босаңсиды.
Массажды бастағанда алдымен теріге, содан соң бұлшық еттерге тиіседі. Ақырын, үстіртін бір –
екі сипағаннан кейін, алақанды батырыңқырап, тереңдеп сипайды. Мықыннан, сегізкөзден бастап
жоғары жылжыған қол иықтан асып тоқтайды. Ал одан кейін жанынан сипай отырып қолтыққа
жеткізеді, төмен жылжығанда шапқа дейін келеді. Сонымен, массаж жасағанда арқаның барлық
бұлшық еті қамтылады.
Арқада сипаудың барлық әдісі қолданылады (тарақ тәрізді, тырма іспетті т.б.). Мұнда
ысқылаудың бірнеше түрі, жұмсарту, дірілдету, соққылау т.б. бәрін жасауға мүмкіндік. Тек мойынға
жақындағанда, қолтық астын өте нәзік, жеңіл массажщдау керек, өйткені онда нерв талшықтары жиі
орналасқан. Ысқылағанда, жұмсартқанда ұзына бойы, көлденең бағытта жоғары –төмен қозғалады.
Қажеттігіне байланысты әрбір бұлшық етке жеке-жеке массаж жасайды. Мысалы, трапеция
тәрізді бұлшық ет терінің астында ғана орналасқан. Оны массаждау ешбір қиындыққа түспейді. Әрбір
қимыл сол бұлшық ет талшықтарын бойымен жүріп отырады. Ол үшін анатомиялық бұлшық еттің
басталатын және бекінетін жері білу керек.
Ал көкірек ішінде орналасқан мүшелерге де массаждың тигізер пайдасы көп. Арқа бұлшық етін
массаждағанда, әсіресе, тыныс жолдары өзіне көп әсер алады. Мысалы, бронхы, өкпе қабыңғанда,
туберкулез ауруларына массаждың пайдасы айтарлықтай.
Қабырғааралық аймаққа әсер еткенде саусақтардың ұшымен тырма секілді әдісті қолданып
сипайды, ысқылайды, штрихтау әдісін жүргізеді. Кеудеге массаж жасағанда оны тыныс алу
жаттығулармен үйлестіреді. Бұл тәсілді 3-4 рет қайталайды.
Арқа бұлшық етінің ішіндегі ең ұзыны – желкеден құйымшыққа дейін, омыртқа жотасының екі
жағында білеуленіп созылып жатқан – ұзын бұлшық ет. Ол барлық ән бойымен омыртқа жотасына
және қабырғаларға жабысып қалған. Ол арқаны қозғауға, әсіресе, артқа қақайтуға үлкен күш береді.
Сондықтан осы бұлшық етке берілетін массаждың түрі де күштірек, көбінесе жұмсарту (жоғарыдан
төмен және төменнен жоғары ) түрінде болады. Оны тек желке тұсында бәсеңдетеді. Массаж
алақанмен орындалады.
Жалпақ бұлшық ет жоғарғы жағы трапеция тәрізді етпен жабылады, ал негізі бөлігі терінің
астында орналасақан. Ол бесінші –алтыншы кеуде, барлық бел, сегізкө омыртқаларынан, мықын
қырынан басталып, төменгі төрт қабырғаны қоса алып иықтың үстіне дейін созылады. Осы бұлшық
етті массаждағанда кеуденің ортасынан сегізкөзге дейін жеткізеді. Жалпақ бұлшық еттің қыры қолтық
астандағы ойыққа сәйкес келеді, сондықтан оны қамтып ұстау оңай. Бұлшық еттің талшықтарының
бойымен белден бастап иыққа дейін массаж жасайды. Бас бармақ омыртқа жотасын жағалай жоғары
кеуде омыртқасының тұсына дейін, ал басқа саусақтар, қолтық астынан кетекен сызықтың бойымен
жылжиды. Осы жолмен сипайды, ысқылайды, жұмсартудың бірнеше әдісін қолданады.
Сонымен арқа бұлшық еттеріне жеке-жеке немесе бәріне бірдей массаж жасауға болады.
Омыртқа жотасын жағалай шыққан нерв жүйесінің ұштарына арнайы тәсілдері қолданады. Ол
үшін орталық сызықтан 2-3 см алшақ қойып, саусақтардың (1-2) ұшымен нығарлап басады. Кейінгі
жылдары нүктелі массажды осы аталған жерлерге жиі қолданып жүр.
Есте ұстайтын бір жай – арқаға массаждың барлық түрін қолданады дедік, бірақ екі
жауырынның ортасына, бүйректің тұсына ұру, қағу, шапқылау, дірілдету, тәсілдерін абайлап, өте
жеңіл түрде қоланады.
Бұл маңызды шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |